Тараптар интернационалдандыру бүкіл әлемдегі жоғары оқу орындарының басты басымдықтарының біріне айналғанын мойындай отырып, тәжірибе алмасу бойынша әріптестік орнатуға ниетті екендіктерін білдірді
Тәшенев университеті мен Афина Ұлттық университеті  ынтымақтастық меморандумын қабылдады
488
оқылды

Шымкент қаласындағы Ж. Тәшенев атындағы университет пен Грекияның Каподистрия атындағы Афина ұлттық университеті жоғары білім беруді дамыту және білім беру бағдарламаларын ілгерілету саласында ынтымақтастық пен әріптестік туралы меморандумын қабылдады.

Каподистрия атындағы Афина ұлттық университетінің ректоры профессор Мелетиос-Афанассиос Димопулос және Tashenev University халықаралық қатынастар департаментінің директоры Динара Сұлтан, университет президенті Серік Оңалбайұлының атынан университеттердің тең құқылы серіктестігінің стратегиялық құжатына қол қойды.

Тараптар интернационалдандыру бүкіл әлемдегі жоғары оқу орындарының басты басымдықтарының біріне айналғанын мойындай отырып, бірлескен академиялық бағдарламалар құруға, ғылыми зерттеулер жүргізуге, оқу орындарының студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы арасында тәжірибе алмасу бойынша әріптестік орнатуға ниетті екендіктерін білдірді.

Кездесу барысында Афина ұлттық университетінің ректоры грек университетінің ғылыми-оқытушылық әлеуетін тарта отырып, академиялық мәселелер бойынша қазақстандық жоғарғы оқу орындарымен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендігін атап өтті.

Ал, Ж. Тәшенев атындағы университетінің ресми өкілі аспирантураны дамыту, белгіленген жоғары оқу орындары өкілдерінің еуропалық және басқа да халықаралық ғылыми іс-шараларға бірлесе қатысуы, екі университеттің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы арасында зерттеу тәжірибесімен алмасу бойынша стратегиялық әріптестік орнату перспективаларын атап өтті.

 

Назгүл НАЗАРБЕК,

 Шымкент қаласы.