Оқиға көпқабатты үйлердің арасында болған.
Екі жасар қызын Түркияға емдетуге алып барған қазақстандыққа оқ тиді
3,276
оқылды

Түркияда Қазақстан азаматына оқ тиіп, жарақат алды. Бұл туралы Aikyn.kz "КТК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға көпқабатты үйлердің арасында болған. Екі адам бір-біріне оқ атқан. Жараланған азамат Ыстамбұлда  ауруханада ем алып жатыр.  

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, отандасымыз Бегалы Тәліпов оқыс оқиғаға кездейсоқ тап болған. Ол 2 жасар қызын емдету үшін Түркияға барған екен. Атыстан отбасы зардап шеккен жоқ.