Кубаның Canal Clave теле­арна­сында толығымен Ди­маш Құдайбергенге арналған бағдарлама шықты.
Кубалық бағдарлама Димашқа арналды
1,068
оқылды

Sueno Bonito музыкалық бағ­дар­ламасының премьералық шы­ғарылымында әншінің өмірі мен шығармашылық жолы ту­ралы айтылды. Еске сала кетейік, бұл – Димаштың жанкүйерлерінің ерекше ықыласының арқасында Куба телеарнасында бірінші рет көрсетілуі емес.

2020 жылдың мамыр айында Димаш алғаш рет Adagio әнімен Кубаның Cubavisin ұлттық теле­арна­сының De la gran Escena («Ұлы сахна») бағдарламасында көр­сетілген. Ал араға бір жыл са­лып дәл сол бағдарламада Ди­маш­тың танымал Olimpico ком­позициясы орындалды.

2023 жылдың 15 сәуірінде Димаш Куба теледидарында Sueno Bonito («Әдемі армандаңыз») му­зыкалық бағдарламасының шы­ғарылымында қайта пайда болды. Бұл жолы қазақстандық талантты әнші Димаш Құдай­бергенге 45 минуттық шы­ға­рылым арналды.