Маңғыстау облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді
Каспий теңізінде қолтырауын жүзіп жүргені жайлы ақпарат рас па?
2,819
оқылды

Соңғы күндері әлеуметтік желіде теңіз жағалауында жүзіп жүрген қолтырауынның бейнежазбасы тарады. Желі қолданушылары видео Каспий теңізі жағалауында түсірілген деп болжам жасаған.

Маңғыстау облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

«Бейнежазба Каспий теңізінде түсірілуі мүмкін емес. Өйткені қолтырауын тұщы суда мекендейді. Сондай-ақ ауа райы жылы Африка секілді тропикалық және субтропиктік аймақтарда өмір сүреді. Қолтырауындар біздің климатқа бейімделе алмайды. Сондықтан видеоны мұқият саралай келе, ақпараттың жалған екеніне көз жеткіздік»,– дейді Ғаббас Досатов.