Түстен кейін сот ғимаратына жеткен Арыстанбек Мұхамедиұлына журналистер бірнеше сұрақ қойды.
«Күнде йогаға барамын»: Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта журналистердің сұрағына жауап берді
2,478
оқылды

Бүгін 17 сәуірде экс-министр, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының соты түске дейін онлайн өтіп, түстен кейін офлайн форматта басталды, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

Астанада қалың қар жауып, қала ішіндегі көлік қозғалысы қиындаған соң, Арыстанбек Мұхамедиұлы сотқа №64 қамау мекемесінен онлайн қатысқан болатын. Оның және өзге де күдіктілердің адвокаттары байланыс нашар екенін алға тартып, сотты офлайн форматқа ауыстыруды өтінген.

Түстен кейін сот ғимаратына жеткен Арыстанбек Мұхамедиұлына журналистер бірнеше сұрақ қойды. Таңертең онлайн форматтағы сот отырысында Арыстанбек Мұхамедиұлы күні кеше екінші рет операцияға кіріп-шыққанын мәлімдеген еді. Дегенмен сот залында денсаулығына қатысты қойылған сұраққа Мұхамедиұлы жақсы көңіл күймен жауап берді.

«Денсаулығым жақсы, күнде йогамен шұғылданамын. Барлығы заңды түрде (қылмыстық іс процесі кезіндегі тергеу - ред) , барлығы ойдағыдай», – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.