Атырау облысындағы мақаттықтар Африка балаларына арнап ауызашар берді.
Атыраулықтар Африка балаларына ауызашар берді
1,232
оқылды

Бұған риза болған кішкентайлар өздеріне қамқорлық танытып, қолдау білдірген алыстағы жандарға деген рақметін қағаз бетіне түсіріпті.

Жергілікті «Ақ Жайық» газеті тілшісінің айтуынша, игілікті істі Мақат кентінің жастары жасады.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін дастарқан жаюды ниет етіп, қаражат жинап, оны Африка мұсылмандарының қорына аударған. Нәтижесінде, 60 балаға ауызашар берілді.