Қалада сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +8 °С және одан жоғары болуына байланысты жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды.
Алматыда жылыту маусымы қашан аяқталатыны белгілі болды
1,373
оқылды
Алматыда жылыту маусымын 20 сәуірде аяқтау жоспарланған.

Алматы қаласында гидрометеорологиялық қызмет күнтізбелік 5 күн ішінде белгілеген сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +8 °С және одан жоғары болуына байланысты қалалық әкімдік 2023 жылғы 20 сәуірден бастап 2022-2023 жж. жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылдады.

Тұтынушыларды жылумен жабдықтаудан ажырату мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:

1) әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар, өзге де ғимараттар;

2) тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар, жатақханалар, қонақүйлер);

3) әлеуметтік нысандар (балалар, емдеу, мектеп мекемелері, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер).

 
"Жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтерді ұсыну қағидаларына сәйкес, үйлері жылу энергиясын есепке алудың жалпыүйлік аспаптарымен жабдықталмаған жылу энергиясын тұтынушыларға келесі жылыту маусымы басталғанға дейін реттеліп көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеу кезінде тарифті төмендету жолымен өткен жылыту маусымы үшін қайта есептеу жүргізіледі", – деп жазады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.