Инновациялық жетілдіру мәселесі бойынша халықаралық конференция өтті
Инновациялық жетілдіру мәселесі бойынша халықаралық конференция өтті
733
оқылды
Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы Университетте Қазақстанның негізгі салаларын инновациялық жетілдіру мәселесі бойынша «Ғылым және технологиялар: идеядан бастап, өндіріске енгізуге дейін»  атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға отандық және бірнеше шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Конференция жұмысы, «Технологиялық жетістіктер: тәжірибе мен кейстер»,  «Өнеркәсіп елдің экономикалық дамуының драйвері ретінде  ғылыммен байланысу нүктелері», «Бизнестегі IT» атты үш панельді сессия бойынша өтті. Аталған тақырыпты талқылауға ғалымдардан бөлек ірі өндіріс орындарының, бизнес құрылымдар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Панельдік сессиялардан кейін студенттер мен жас ғалымдар Қазақстанда тау-кен металлургия кешенін дамытудың ғылыми-инновациялық концепциясы, Негізгі секторларды шынайы өмірде трансформациялаудың мүмкіндіктері мен сындары, Қазақстан Республикасында машина жасау және энергетика саласын дамытудың инновациялық үдерістері,  Компьютерлік ғылымдар, инженерия және ақпараттық технологиялар: теориядан қосымшаға қарай дамыту, Азаматтық және көліктік ғимараттар құрылысында инновациялық технологияларды меңгеру және оларды практикаға енгізу, сонымен қатар Әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдарды дамытудың заманауи үдерістері атты алты негізгі тақырып бойынша  өз жұмыстарын таныстырды. Қатысушылар осы тақырыптардың әртүрлі аспектілерін атап өтті, Олардың ішінде әлемдік нарықтың жаңа бағытындағы  Қазақстан экономикасының қиындықтары мен мүмкіндіктері  де сөз болды. Конференция барысында ғалымдар өздерінің  ғылыми-тәжірибелік зерттеулерімен бөлісті. Сонымен қатар аталған саладағы  әртүрлі мәселелерді шешудің ықтимал жолдарын ортаға салды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, осындай ашық талқылаулар мен пікірталастар  экономикалық дамудың әртүрлі тәсілдері мен стратегияларын зерттеуге және қолданбалы ғылымдағы ынтымақтастық пен инвестицияның жаңа бағыттарын анықтауға мүмкіндік бермек. Ғылыми халықаралық жиынды  ҚР  Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы мен Сәтбаев Университеті бірлесіп ұйымдастырды.
«Қазақстан үшін бұл іс-шара экономиканың түрлі салаларындағы инновациялар мен прогреске деген ұмтылыстың айғағы бола алады. Бүгінгідей конференция барысында жасалған тұжырымдар мен идеялар Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына септігін тигізеді», – дейді ұйымдастырушылар.