Қарағандыда психотроптық заттарды жасырушы әйел ұсталды
Қарағандыда психотроптық заттарды жасырушы әйел  ұсталды
382
оқылды
Ер азаматтар ғана емес әйелдер де есірткімен ұсталуда. Жақында Қарағанды қалалық Полиция басқармасы, есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері арнайы  жүргізілген кешенді жұмыстар барысында Гоголь көшесінің бойындағы көп қабатты үйлердің бірінің маңынан есірткі заттарын сақтау және сатып жүр деген күдікпен 20 жастағы әйелді ұстады. Бұл туралы Қарағанды облысының Полиция департаменті хабарлады. Жүргізілген тінту жұмыстары барысында ұнтақ тәрізді заттары бар 6 орам тәркіленді. Сонымен қатар, күдіктінің үйіне жүргізілген тінту жұмыстары кезінде полиция қызметкерлері тағы да 50 орам ұнтақ тәрізді заттарды тәркіледі. Сондай-ақ, полицейлер күдіктінің көрсетуімен тағы да 2 орамды тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес орамда жалпы салмағы 4 гр. психотроптық заттар болғаны белгілі болды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.