Танкіге қарсы мина мен граната: Ақмолада айдаладан жарылғыш заттар табылды
Танкіге қарсы мина мен граната: Ақмолада айдаладан жарылғыш заттар табылды
437
оқылды
Ақмола облысы Жарқайың ауданының тұрғыны далада жатқан танкіге және жаяу әскерлерге қарсы миналар тауып алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі. Жарқайың ауданына қарасты Тасты-Талды ауылының тұрғыны миналарды ауылдан алыстау жерде металл іздегіш құралмен темір-терсек іздеп жүріп айдаладан тауып алғанын айтады. Оның айтуынша, шамамен жарты метр тереңдікте құрылғы жарылғыш затқа ұқсас бір затты анықтаған. Болған оқиға жайлы ауыл тұрғыны дереу полицияға хабарлапты.    width=
– Оқиға орнына дереу жедел тергеу тобы мен сапер мамандар аттанды. Табылған жарылғыш заттар 3 танкіге қарсы миналар мен 6 жаяу әскерлерге қарсы мина мен 5 Ф-1 және РГД-5 гранаталары болып шықты. Тексеріс жүргізу барысында аталған миналар оқу-жаттығуға арналған және адам өміріне қауіпсіз деген қорытынды жасалды, – дейді Ақмола облысы Полиция департаменті  баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
Полиция сапер бригадасымен бірге аталған маңды түгелдей шолып шыққан. Бірақ жарылғыш затқа ұқсас заттар табылмапты. Жарылғыш заттардың табылуы полициямен сотқа дейінгі тергеу бірыңғай тізіліміне тіркеліп сараптамалар тағайындалған. Құқық қорғаушылар қазір  аталған жарылғыш заттардың айдалада қалай қалып қою мүмкін екенін анықтап жатыр.

Ақмола облысы