Көкшетауда тұрғын үй салып жатқан кран құлап түсті
Көкшетауда тұрғын үй салып жатқан кран құлап түсті
Видеодан скриншот
850
оқылды
Көкшетауда Әуезов көшесіндегі «Салтанат» тұрғын үй кешені алаңында салынып жатқан үй алаңында кран құлап түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.  Әзірге полициядан ешқандай ресми ақпарат берілмеді. Дегенмен алдын ала анықталған деректер бойынша кран тізгіндеген жұмысшы құлап бара жатқан краннан төменге секіріп үлгерген. Бірақ оның өмірін құтқару мүмкін болмаған. Құлаған кезде алған ауыр жарақаттардан кран жүргізушісі жедел жәрдем көлігі жеткенше жантәсілім еткен. Куәгерлердің айтуынша құлаған кран жанында тұрған үйдің бір бұрышын соға құлап үйдің кірпіштерін бұзып кеткен. Ақмола облысы Полиция департаментінен ресми ақпарат сұралды.