Мұхтархан Ділдәбеков сайлауға отбасымен келді
Мұхтархан Ділдәбеков сайлауға отбасымен келді
691
оқылды
Белгілі спортшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков сайлау учаскесіне отбасымен бірге келіп, дауыс берді. Шымкент қаласындағы № 269 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасаған спортшы пікірін білдіріп, еліміздің дамуына әрбіріміз атсалысуымыз қажеттігін айтты. «Бүгін барлығымыздың көңіл күйіміз керемет! Ерекше әсерде жүрміз. Жаңа Қазақстанға қадам басқан жұрттың сенімі мол. Байқағанымдай сайлаушылар белсенді атсалысып жатыр. Үміткерлерге сәттілік тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болсын! Маңызды шараға біз де отбасымызбен келіп дауыс бердік», – деді ол.