Мегаполистегі Алатау ауданындағы №26 жалпы білім беретін мектепте орналасқан №33 сайлау учаскесінде сайлау комиссиясының мүшелері түгелдей дерлік ұлттық киім киіп келді.
Олар бұл қадамдарын бүгінгі саяси іс-шара Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында келуімен түсіндірді. Комиссия мүшелерінің айтуынша, сый-құрмет дауыс берушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.
Сонымен қатар қаладағы бірқатар сайлау учаскесінде бауырсақ, жент секілді сияқты ұлттық тағамдар да қойылған.