Атырауда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін 54 инватакси қызметі ұйымдастырылды
Атырауда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін 54 инватакси қызметі ұйымдастырылды
Фото: time.kz
602
оқылды
Атырауда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауда дауыс беру басталды. Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруі үшін, облыстың қалалары мен аудандарында 54 инватакси қызметі ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта өңірде барлығы 269 сайлау учаскесі бар, оның 11-і жабық, олар ауруханалар, уақытша ұстау орындары және әскери бөлімдер. Айта кетейік, сайлау бойынша өңірде 442 кандидат тіркеліп отыр. Олардың ішінде Мәжіліске 11 кандидат, облыстық мәслихаттың 6 партиялық тізімінде 60 кандидат, облыстық мәслихаттың 15 бір мандаттық сайлау округтері бойынша 39 кандидат, Атырау қалалық мәслихатына 71 кандидат, 7 аудандық мәслихатқа 261 кандидат тіркелген. Облыс бойынша 412 165 сайлаушы бар.