Авторлардың айтуынша, Apple AirPods Pro 2-буыны суға төзімді, шуды азайтады және бір рет қуаттаса 30 сағатқа дейін музыка тыңдауға жетеді.
[caption id="attachment_236204" align="aligncenter" width="1220"] SHOKZ OpenRun құлаққаптары. Фото shokz.com сайтынан алынды.[/caption] Shokz OpenRun құлаққаптары көшеде жүгіру үшін ең қолайлы нұсқа деп танылған. Себебі ол ыңғайлы, құлақтан түсіп қалмау үшін арнайы қыстырылатын бекіткіші бар. «Бұл модель құлақты толығымен жаппайды, сондықтан айналада не болып жатқанын ести аласыз»,– деп атап өтті журналистер. [caption id="attachment_236205" align="aligncenter" width="1220"] Bose Sport Earbuds. Фото wylsa.com сайтынан алынды.[/caption] Кішігірім құлаққапты жақсы көретіндерге Bose Sport Earbuds ұсынылады, өйткені аксессуар үш түрлі өлшемде жасалады. Сондай-ақ 15 минуттық жылдам зарядтау мүмкіндігі бар. [caption id="attachment_236207" align="aligncenter" width="1200"] Soundcore by Anker Sport X10 Buds құлаққаптары 210 градусқа бұрылады. Фото us.soundcore.com сайтынан алынды.[/caption] Soundcore by Anker Sport X10 Buds құлаққа тығыз бекітіледі. Құлаққапты арнайы дизайнның арқасында 210 градусқа бұруға болады. Сондай-ақ аксессуар бір рет қуат алса 32 сағатқа дейін жұмыс істейді. [caption id="attachment_236208" align="aligncenter" width="1200"] Jabra Elite 7 Pro құлаққаптары. Фото apac.jabra.com сайтынан алынды.[/caption] Jabra Elite 7 Pro құлаққаптары адам көп жерде ашық ауада жаттығатындар үшін ыңғайлы деп аталды. «Артықшылықтары арасында: белсенді шуды болдырмауды реттейтін функция, 30 сағатқа дейін жұмыс істеу, дауысты қоңырауларды айқындау технологиясы бар», – дейді журналистер.