Автономды режимдегі Tesla ірі жол апатына себепкер болды
Автономды режимдегі Tesla ірі жол апатына себепкер болды
Сан-Францискодағы апат көліктерді автономды басқару жүйелерін заңдық және технологиялық тұрғыда әлі де жетілдіру қажеттігін көрсетті. Фото gettyimages.com сайтынан алынды
775
оқылды
Tesla көлігі көптеген қауіпсіздік және жүргізушіге көмектесетін ең озық технологиясымен мақтана алады. Бұл құралдар жүргізуші қателігін түзететін, апаттардың алдын алатын толық өзін-өзі басқару жүйесін қамтиды. Бірақ жетілдірілген көліктер де қателесуі мүмкін екенін Slash Gear технологиялық платформасының материалына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_235578" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок2 Кәдімгі круиздік бақылау жүйелері сияқты, автономды басқару жүйесін де тежегішті басып немесе рөлді бұру арқылы өшіруге болады. Фото Tesla Motors сайтынан алынды[/caption] Электр көлігін жасаушының қауіпсіздік тәжірибесіне көлеңке түсіретін жалғыз апаттар емес. Соңғы онжылдықта Tesla электр көліктеріндегі жарылыс немесе өртке қатысты көптеген оқиғалар болды. Бірақ, талданған деректер Tesla-ның кәдімгі автокөлікке қарағанда өртену ықтималдығы аз екенін көрсетеді. Қазіргі автомобиль өндірушілері қауіпсіздік жастықшаларының, алдыңғы әйнекті тазалағыштардың немесе тіпті тежегіштердің ақаулары туралы үнемі хабарлама-шолулар шығарады.
Tesla-ның көптеген шолуы бағдарламалық жасақтамаға қатысты және олардың кемшіліктерін түзету қиын емес. Түзету қарапайым болғанымен, кейбір кодтың дұрыс жұмыс істемеуінің салдары ауыр болуы мүмкін.
[caption id="attachment_235579" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок3 theintercept.com сайтынан алынған суретте 2022 жылғы 24 қарашасында болған Сан-Францискодағы тоннельдегі жол апаты бейнеленген[/caption] [caption id="attachment_235580" align="aligncenter" width="1212"]Рисунок4 Жол апатында сегіз көлік соқтығысып, тоғыз адам зардап шекті. Зардап шеккендердің арасында екі жасар бала бар. Фото theintercept.com сайтынан алынды[/caption] Бұған америкалықтардың жақсы көретін мейрамы – Алғыс айту күнінде (қарашаның соңғы бейсенбісі тойланады) Tesla көлігі Сан-Франциско шығанағы тоннелінде үлкен апаттың себепкері болғаны анықталды.
Осы жол апатында сегіз көлік соқтығысып, тоғыз адам зардап шекті. Жол апатынан зардап шеккендердің арасында екі жасар бала да бар.
Жақында желіде апатқа себепкер болған Tesla-ның себепсіз тоқтағанын көрсететін видео таралды. Кейін белгілі болған қосымша мәліметтерге сәйкес, Tesla жүргізушісі апатқа көліктің автономды жүргізу жүйесін айыптайтын сияқты. Полиция Tesla жылдамдығын азайтып, сол жақ жолаққа шығуға әрекеттенген деп мәлімдейді. Бұл апат Илон Маск толық автономды жүргізудің бета-нұсқасын «енді Солтүстік Америкада кез келген Tesla иесі үшін қолжетімді» деп жариялағаннан кейін бірнеше сағат өткен соң болған.   [caption id="attachment_235581" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок5 Tesla инженерлері автономды жүргізу режимі белсенді болған кезде де жүргізушілер қолдарын рөлде ұстап, жол қозғалысына мұқият болу қажеттігін ескертеді. Фото Shutterstock.com сайтынан алынды[/caption]
Tesla инженерлері автономды жүргізу режимі белсенді болған кезде де жүргізушілер  рульді қолымен ұстап, жол қозғалысына мұқият болу қажеттігін ескертеді. Осы нұсқаулар орындалмаса  жүргізуші автономды басқару режимін қоса алмауы мүмкін.
Кәдімгі круиздік бақылау жүйелері сияқты, автономды басқару жүйесін де тежегішті басып немесе рөлді бұру арқылы өшіруге болады. Осындай алдын алу әрекетіне қарамастан, Сан-Францискодағы апат көліктерді автономды басқару жүйелерін заңдық және технологиялық тұрғыда әлі де жетілдіру қажеттігін көрсетті.