Адамзат өркениеті саяси, технологиялық сингулярлыққа бағыт алған кезде NASA «Инновациялық жетілдірілген тұжырымдамалар» (Innovative Advanced Concepts, NIAC) бағдарламасын жариялады. Бүгін NASA-ның ресми сайтында жарияланған материалда ғарыш сапарын және жақын болашақта онымен байланысты жобаларды өзгертуге бағытталған идеялар толы. Америкалық ғарыш агенттігінің таңдаған жаңа тұжырымдары туралы Aikyn.kz қысқаша шолу ұсынады.
[caption id="attachment_235454" align="aligncenter" width="1913"] Ғарыш агенттігі 2023 жылғы NIAC стипендиясының бірінші кезеңінде барлығы 14 ұсынымды таңдаған. Ол әр жобаға $175,000 грант береді. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]
Ғарыш агенттігі 2023 жылғы NIAC стипендиясының бірінші кезеңінде барлығы 14 ұсынымды таңдаған. Ол әр жобаға $175,000 грант береді.
Жобалардың ішінде зымыран-сәулелік қозғалыс жүйелері басқа әлемдерге саяхатты тездетуге арналса, Айдағы құбырлар астроновтардың қоныстары арасында оттегін тасымалдайды және қызыл планетада қоныстар тұрғызу үшін қажет құрылыс материалдары Марста өсіріледі. Зерттеушілер NASA-ның гранттық қаржыландыруы арқылы осы және басқа да идеяларды тереңдете іздейтін болады.
[caption id="attachment_235455" align="aligncenter" width="808"] NASA-ның бағдарламасы ғалымдар мен инженерлерді болашақ миссияларға мүмкіндік беретін технологияларды әзірлеуге қажетті құралдармен және қолдаумен қамтамасыз етуге көмектеседі. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]
«NASA-ның мүмкін емес нәрсені жасауға батылы жетеді. Бұған ғарышты зерттеудің болашағын елестетуге және оған дайындалуға көмектесетін инноваторлар, ойшылдар және жасаушылар арқылы ғана қол жеткізуге болады», – дейді NASA әкімшісі Билл Нельсон.
«NIAC бағдарламасы ғалымдар мен инженерлерді NASA-ның болашақ миссияларына мүмкіндік беретін технологияларды әзірлеуге қажетті құралдармен және қолдаумен қамтамасыз етуге көмектеседі».
[caption id="attachment_235459" align="aligncenter" width="1913"] Қуатты лазермен жеделдетілген бөлшектердің түйінін пайдаланып салмағы бір тонна жүкті ғарышта секундына 74,5 мильден асатын жылдамдықпен тасымалдауға арналған қозғалтқыш. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]
Мамандардың назарын аударған ұсыныс – қуатты лазермен жеделдетілген бөлшектердің түйінін пайдаланып, салмағы бір тонна жүкті ғарышта секундына 74,5 мильден асатын жылдамдықпен тасымалдауға арналған қозғалтқыш жасау. Сәуле пайдалы жүкті жұлдызаралық орта арқылы жылжыта алады. Қазір жұлдызаралық миссиялар ерекше қызығушылық туғызуда. Бұл жоба арқылы 1 тонна пайдалы жүкті 500 а.u. (1 а.u. шамамен 150 мың шақырым) дейінгі жылдамдықпен жұлдызаралық кеңістікте тасымалдауға болады.
Адамның ғарышты игеру тарихында тек екі ғарыш кемесі гелиосферадан шығып, жұлдызаралық ортаға кіре алған. Бұл үшін «Voyager 1» кемесі жылына 3,6 а.u. рекордтық жылдамдықпен гелиопаузаға жету үшін 35 жыл ұшқан. Ал жаңа тұжырым бойынша, бұл жылдамдықты 140 есе өсіруге болады.
[caption id="attachment_235460" align="aligncenter" width="1913"] Флорида университетінің Bimodal NTP/NEP деп аталатын керемет тұжырымдамасында ғарышкерлерді Жерден Марсқа 45 күн ішінде жеткізе алатын роторлық технология ұсынылған. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]
Жаңа жобалардың арасында Хьюстондағы Lunar Resources компаниясының Питер Курреридің бастамасы да бар.
Ол Айдың Оңтүстік полюсіндегі оттегі құбырын салуды ұсынады. Астронавтар үшін өмірлік маңызы бар құнды газды өндіріп, оны қажетті қоймаларға тасымалдайтын, ұзындығы үш миль болатын құбыр салу.
Ал Флорида университетінің Bimodal NTP/NEP деп аталатын керемет тұжырымдамасында ғарышкерлерді Жерден Марсқа 45 күн ішінде жеткізе алатын роторлық технология ұсынылады.
[caption id="attachment_235461" align="aligncenter" width="1913"] Өздігінен өсетін биоминерализацияға бейім құрылыс блоктарын шығару арқылы дайын құрылыс материалдарын Марста өндіру, жасау жобасы да NASA-ны қызықтырып отыр. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]
Марста тіршілік ету ортасы үшін өздігінен өсетін биоминерализацияға бейім құрылыс блоктарын шығару арқылы дайын құрылыс материалдарын Жерден тасымай-ақ Марстың өзінде өндіру жобасы да NASA-ны қызықтырып отыр.
Ғалымдар «саңырауқұлақтар мен бактерияларды пайдаланып, Марс реголитін біріктіру арқылы Қызыл планетаның бетінде биоминералдар мен биополимерлер өндіруге болады», – дейді.
«Бұл өздігінен өсетін құрылыс блоктарын кейіннен едендер, қабырғалар мен жиһаздар сияқты әртүрлі құрылысқа қажетті материалдар жасауға болады», – деп көрсетілген NASA-ның материалында.