Diamond Princess лайнерінде Филиппиннің 59 азаматы коронавирус жұқтырған
Diamond Princess лайнерінде Филиппиннің 59 азаматы коронавирус жұқтырған
Фото: Интернеттен алынды
362
оқылды
Саяхаттап жүрген Филиппиннің 59 азаматы коронавирус жұқтырған, – деп жазады 24.kz. Ресми деректі Филиппиннің Денсаулық сақтау министрлігі де растап отыр. Анығы, Diamond Princess лайнерінде 538 филиппиндік бар. Айта кетейік, круиздік лайнердегі карантин 19 ақпан күні аяқталды. Кеме жолаушылары мен экипаж мүшелері біртіндеп эвакуациялана өз елдеріне бастады. Соған байланысты 400-ге жуық филиппиндік кемеден әкетіліп, Отанына қайтады. Отанына оралған соң, карантинге жатқызылады. Ал дәл осы лайнерде болған қазақстандықтардың елге келіп, Нұр-Сұлтанда каратинге жатқызылғанын хабарлағанбыз.