Коронавирусқа байланысты Венецияда карнавал өтпейтін болды
Коронавирусқа байланысты Венецияда карнавал өтпейтін болды
359
оқылды
Италияның Венето ауданында Венеция карнавалын өткізуге тыйым салды, – деп хабарлайды carnevale.venezia.it сайтына сілтеме жасаған «ҚазАқпарат». Дәстүрлі шараны тоқтатуға коронавирустың таралуы себеп болған. «Венеция карнавалының көпшілікке арналған іс-шараларын барлық құзырлы органдармен келісе отырып, екі күн бұрын тоқтатылды» делінген ресми хабарламада. Соңғы мәлімет бойынша, Италияның Ломбардия және Венето провинцияларындағы 12 қалаға коронавирусқа байланысты карантин енгізілді, елдімекендердегі 50 мыңға жуық тұрғын үйден шықпай отыр. Айта кетейік, Италияда коронавирустан үшінші адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта 150 адам ауруға шалдыққан. Сенбі күні Италия үкіметі екі азамат қайтыс болғаннан кейін коронавируспен күрес бойынша «төтенше шаралар» қарастыратынын мәлімдеп, елдің солтүстік аймағының тұрғындарына өз үйлерінен шықпауға кеңес берді. Сондайы-ақ Миландағы «Ла Скала» театры  Facebook-тегі парақшасында жексенбі күні коронавирусқа байланысты сақтық үшін жұмысын тоқтатқанын хабарлаған.