Егер барлық адамдар бетперделерді дұрыс киіп жүрсе, тұмауды жұқтыру ықтималдығын 100 есеге азайтуға болады. Бұл туралы ura.ru сайтына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды.
[caption id="attachment_232900" align="aligncenter" width="1800"] Вирус тасымалдаушы да, сау адам да бетперде тақса, онда вирустың таралуы 100 есеге төмендейді. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]
«Егер адам дені сау болса және иммунитеті болмаса, яғни тұмауға қарсы екпе алмаса, бірақ бетперде киіп жүрсе, онда жұқтыру ықтималдығы 20 есе төмендейді. Егер вирус жұқтырған адам бетперде киетін болса, оның басқаларға жұқтыру ықтималдығы бес есе аз. Тиісінше, вирус тасымалдаушы да, сау адам да бетперде тақса, онда ықтималдық 100 есе төмендейді», – дейді аллерголог-иммунолог Владимир Болибок.
[caption id="attachment_232901" align="aligncenter" width="1601"] Тұмауды жұқтыру 100 есе төмендесе, онда репликация коэффициенті де сондай пропорцияда төмендейді. Тұрғындардың барлығы бірдей ережені сақтаса, тұмау індеті тоқтайды. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]
Дәрігер тұрғындар ережені сақтаса, тұмау індеті тоқтайтынын атап өткен.
«Таралу индексін ескере отырып, егер жұқтыру ықтималдығын 100 есе төмендететін болсақ, онда біздің репликация коэффициенті сондай пропорцияда төмендейді. Егер тұмау үшін репликация коэффициенті 4-5 деңгейінде болса, яғни бір тасымалдаушы 4-5 адамды жұқтырса, онда бетперде киген вирус тасымалдаушы ешкімге тұмау жұқтыра алмайды», – деп маман өзінің сөзін толықтырады.
[caption id="attachment_232902" align="aligncenter" width="1800"] Қазақстанда және көршілес елдерде SARS және коронавирустың таралуына байланысты шектеулер қайта оралуы мүмкін. Денсаулыққа жауапкершілікпен қарап, жеке басы мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігін ойлау қажет. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]
COVID-19 таралуына бетперде қаншалықты тосқауыл болғаны белгілі. Қазақстанда және көршілес елдерде SARS және коронавирустың таралуына байланысты шектеулер қайта оралуы мүмкіндігі айтылып жатыр. Тұрғындардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарап, жеке басы мен айналасындағы адамдардың қауіпсіздігін ойлау қажеттігін еске саламыз.