Карантинде болған Diamond Princess кемесінен 450-ге жуық адам сыртқа шығарылады
Карантинде болған Diamond Princess кемесінен 450-ге жуық адам сыртқа шығарылады
Фото: Интернеттен алынды
345
оқылды
Коронавирусқа байланысты Жапонияда екі апталық карантинде болған круиздік лайнерден өткен 2 күннің ішінде 700-ге жуық жолаушы үйіне қайтарылды, – деп жазады 24.kz. Дереккөздің хабарлауынша, жанындағы адамдардан коронавирус табылған жолаушылар тағы 14 күн кемеде қалады. Бүгін кемеден шамамен 450 жолаушы құрлыққа шығады. Ал экипаж мүшелері кемеде қала береді. Қазіргі уақытта лайнердің ішінде 2000-ге жуық адам бар. Соңғы мәлімет бойынша, кемедегі 634 адамнан коронавирус анықталған. Бұған дейін Украинада кемеден шыққан отандастарын елге әкелуге қарсылық танытып жатқанын жазған болатынбыз.