Астанада Мұстафа Кемал Ататүріктің ерлігі бір ай бойы насихатталады
Астанада Мұстафа Кемал Ататүріктің ерлігі бір ай бойы насихатталады
894
оқылды
Мұстафа Кемал Ататүрік – Түркия Республикасының негізін қалаған реформатор, әскери қолбасшысы. Ататүрік 1881 жылы  дүниеге келген. 1938 жылы 10 қарашада сағат 09.05 минут өткенде өмірден озған. Содан бері жыл сайын дәл осы уақытта Түркияда еске алу рәсімі өтеді. Барлық көлік, жаяу жүргіншіге дейін аялдап Мұстафа Кемал Ататүрікті құрметпен еске алады. Бүгін Қазақстанда да 84 жыл бұрын өмірден өткен Ататүрікті еске алу мақсатында көрме өтті. Түркияның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен Мемлекеттік әскери-тарихи музейде өткен «Ататүрік жадымызда» атты фотокөрмеге 40 шақты фото қойылды. Түркияның Бас қолбасшылығы мұражайынан алынған фотосуреттерді бір ай бойы тамашалауға болады. Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы ұйымдастырған салтанатты іс-шараға Түркиядан арнайы қонақтар келді. Сондай-ақ Қазақстан Парламентінің депутаттары, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи, Түркия Парламентінің 24 шақырылым депутаты, Юнус Эмре институты Бақылау кеңесінің мүшесі Али Өзгүндүз, ғалымдар, елшілік қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.    width=    width= Әскери қолбасшыны еске алу салтанатында әскери оркестр марш ойнады.   https://youtu.be/1g8T4gb44wk Ататүріктің Түркия Республикасын құрған шақта архивте сақталған өз даусын көпшілікте тыңдатты. Мақсат – Ататүріктің айтқанын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіру. Түркияның тарихын жадында сақтау.      width= Көрмеде бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастықтың алтын көпірі болған мәдени байланыстың тарихи маңызы кеңінен насихатталды. Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи Мұстафа Кемал Ататүрікке көрсеткен құрметі үшін қазақ халқына айрықша алғыс айтты.
«Қазіргідей алмағайып заманда бауырлас екі ел арасындағы достық, ынтымақтастықтың маңызы зор. Түбі бір түркі елдері арасындағы алтын жіп үзілмеуі тиіс. Экономикалық қарым-қатынасты ары қарай нығайтып, бірлігімізді арттырамыз. Түркия – географиялық тұрғыдан құрлық пен теңіз арқылы күрежолдың бойында орналасқан ел. Қала берді шырмауықтай шырматылған шиеленістің ортасында отыр. Соңғы уақытта әлемде геосаяси ахуал нашарлағаны баршаға мәлім. Қырғиқабақ елдерді бірлікке шақыруда Түркия аянып қалған емес. Сол үшін қақтығыстан жапа шегіп отырған елдер үшін қол ұшын созуға әрдайым әзір. Әлемде бейбітшілікті сақтап, экономиканы дамытуда күш-жігерімізді аямаймыз», – деді елші Уфук Экиджи.
Көрмеде Мұстафа Кемал Ататүрік заманынан бері елдің ынтымағы мен бірлігін нығайтып, оны әлемге паш ету келешек ұрпақ үшін маңызды екеніне кеңінен тоқталды.  width= Ел мен жерді сақтап қалу үшін патриотизм, Отанға адалдық, әр азаматтың парызы екенін көрсетті.    width= 1923 жылы 29 қазанда Түркия мемлекетін құрған Ататүріктің ерлігі, заманауи және зайырлы ұлттық мемлекеттер қатарына қосу мақсатымен көптеген мәдени, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар жүзеге асты. Мемлекеттің дамуына негіз болатын реформалар күні бүгінге дейін жалғасып келеді.    width=  width= Биыл Қазақстанға ресми сапармен келген Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде қарсы алғанын жазған болатынбыз. Екі ел басшылары бірлескен мәлімдеме жариялаған еді. Бұған дейін Астанада «Ататүрік жадымызда» атты фотокөрме өтетінін хабарлағанбыз.