Жолы түзеліп, жері көркейген Алтай
Жолы түзеліп, жері көркейген Алтай
397
оқылды
Шығыс Қазақстан об­лы­сы Алтай ауданы бүгінде тіршілігі жанданған, хал­қы­ның тұрмысы жақсарған аймаққа айналған. Өйткені биылдың өзінде өңір­де бі­раз жұмыс атқа­рылған. Халықты сапалы сумен қам­тамасыз ету және суды бұру бо­йын­ша 557,2 млн теңгеге осы жыл­ға 14 жобаны жүзеге асыру жос­парланған болатын. Бүгінде 170 млн теңгеге жеті нысан сумен қам­тылды. Атап айтсақ, Чапаево, Никольск, Маяк ауылдары, Бұқ­тырма стансасы, Октябрский кен­ті, Парыгино ауы­лындағы су мұнарасы, Кремнюха ауылында 12 су құдығы бұрғылан­ды. Соны­мен қатар 70 миллион теңгеге Бұқ­тырма және Заводская ауы­­лын­дағы Жаңа Бұқтырма көше­леріндегі су желісінің жөндеу жұ­мыстары жүріп жатыр. Ал 5,5 млн теңгеге Средигорие ауылы­ның желілері жөнделеді. Мысалы, Алтай қаласының өзінде жалпы ұзындығы 185 ша­қырымдық және орталық су құ­быры желілері қайта жаңартылды. Бүгінде жұмыстың 90 пайызы орындалған. Оның ішінде ұңғы­ма­ларды монтаждау жұмысы, тұрғын үйлерге желілерді қосу және оның құрылғыларын орнату жұмыстары кіреді. 2022 жылға 290 млн теңге жұмсалды. Оған қоса, 13 млн тең­геге Алтай қаласындағы желілерді жуу және тазалау жұ­мыстары жүр­гізілуде. Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша 767,3 млн тең­геге 14 жоба жүзеге асыру жоспар­ланып отыр. Мысалы, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асыру аясында республикалық және об­лыстық бюд­жет қаражаты есе­бінен Со­ло­вьево, Тұрғысын, По­лянское, Ма­леевск пен Зубовск ауылдарында жалпы ұзындығы 19 шақырымды қамтитын жол 382,3 млн теңгеге жөнделді. жол 210 млн теңгеге «Техноло­гия­лық тасжолы мен Парыгино ауы­­лы апаратын жол орташа жөн­деу­ден өтті. «ШалеЛаБале» дема­лыс орта­лығына барар жол, яғни Бұқ­тырма су қоймасының жаға­ла­уын­дағы жолды жасауға 50 млн теңге кетті. Егер Жаңа Бұқтырма ауы­лы­ның маңындағы үлкен жол жөн­делсе, 20 шақты ірі демалыс орнына жол ашылады. Соның арқасында дема­лушылар саны көбейеді. Не­гізі, Алтай ау­даны – көрікті таби­ғатқа тұнған өлке. Тауы да, орман, көлі де бар. Сарқырама мен тұмаға да бай. Сондықтан ендігі мақсат – ай­мақтың туризмін дамыту. Соның бірі – демалыс орындарын интер­нетпен қамтамасыз етті. Мысалы, Кремнюха ауылына антена ор­нату үшін аудандық бюджеттен 9 млн теңге бөлінді. Қазір елді ме­кенге антена орнатылды, енді қосу ғана қалды. Биылдың өзінде аймақты жа­рық­пен қамтуға 90 млн теңге бө­лінді. Бұл қаражатқа 6 жобаны жүзеге асыру жүктелген. Мысалы, Октябрьский ауылының басым көпшілік көшесіне электр желісі жаңартылса, Селезневка стан­сасы жарық құрылғысы қойылды. Со­нымен қатар 21,5 млн теңгеге Алтай қаласының Ломоносов көшесі жарықтандырылады. Ал Октябрь ауылындағы Ленин көшесін жа­рықтандыруға 12 млн теңге жұм­салды. Қаладағы Тә­уелсіздік аллея­сының фонтанын түрлі түсті сәулемен жарықтан­дыру құрылғысы 5 млн теңгеге шықты. Бастысы, тұрғындардың тұр­мыс-тіршілігіне қажетті дүниені ретке келтіруде. Мәселен, өзек­ті проблеманың бірі – жылыту мә­селесі. Серебрянск қаласын­дағы және Жаңа Бұқтырмадағы екі қа­зандықты жөндеу үшін жергілікті ауданның бюджетінен 135 млн тең­ге қаржыландырылды. Тиі­сін­ше, жылыту маусымына дайын­дық үлкен қаржыны қажет етеді. Оның ішіне жылыту қа­зандықтарын жөн­деу ғана емес, құрылғыларды жа­ңартып, көмір сатып алуы тағы бар. Өлкенің құрылыс саласы да қарқынды дамып жатыр. Алтай қаласындағы 10-шағынауданда ор­на­­ласқан Рудной 31/11 көше­сіндегі 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда. Оған бө­лінген қаржы­ның 369 млн теңгесі игерілді. Қазір баспана тұрғы­зыл­ды, үйдің ішкі жөндеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Бірақ қа­раша айына дейін пәтерлерге жылу қосылмақ. спорт алаңы «Бір қабатты Шығыс» бағ­дарламасы бойынша 16 үй сатып алу жоспарланған, әзірге 13 үй са­тып алынды. Қалған үшеуі жыл соңына дейін сатып алынады. Үйдің жалпы аумағы – 1 440 шар­шы метр. Бұл баспана көпбалалы отба­сылар мен аудандағы бюд­жеттік салада жұмыс істейтін қызмет­керлерге арналған. Әкімдіктің мәліметінше, ау­дан­дық бюджет есебінен Се­ре­брянск қаласында, Соловьево, Тұрғысын мен Чапаево, Зубовск мен Бұқ­­тыр­ма, Феклистовка ауылда­рында 40 млн теңгеге ба­лаларға ар­нал­ған ойын алаңдары орна­тылды. Оған қоса, Алтай қа­ласын­дағы Сол­нечная, Фрунзе, Стаха­нов­ская 3 кө­шелерінде жаяу жүр­гін­шілер жолы жөнделіп, Ло­мо­носов, Фрунзе кө­шелеріне аял­да­малар жаңартылды.