8 миллиард: әлем халқы қалай өсіп жатыр?
8 миллиард: әлем халқы қалай өсіп жатыр?
Фото versiya.info сайтынан алынды
999
оқылды
Жер планетасының демографиясы төңірегінде дау-дамай көп. Адамзат саны тез өсіп жатыр ма? Адамдар тез қарқынмен көбейетін болса, оларды азық-түлікпен қамтуға табиғи ресурстар жете ме? Бұл сұрақтарға жауапты Aikyn.kz сарапшылары жақында ғана жарияланған БҰҰ-ның «Әлем. Халық. Перспективалар» атты 2022 жылғы баяндамасынан іздеді. Құжаттың маңызды бөлімдерінде БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаментінің мамандары дайындаған әлемдік демографияның ғылыми негізделген болжамдары айтылған. Баяндаманың басты мазмұны Баяндаманың басты тұжырымы – адамзат өркениетін сақтауға ресурстар жеткілікті. Ең қауіпті сценарийдің өзінде адам баласын сақтап қалуға болады.
Ғалымдар 2022 жылдың қарашасында әлем халқының саны 8 миллиардтан асады деген болжам жасады. Олардың ойынша, әрі қарай үш сценарий болуы мүмкін.
Бірінші. 2086 жылға қарай халық саны 10,4 миллиардқа дейін «өседі». Бұл болжам ең ықтимал деп саналады. Екінші. Ғасырдың ортасына қарай халықтың ең жоғары өсімі 8,9 миллиардқа жетіп, ғасыр соңында 7 миллиардқа дейін азаяды. Үшінші. Халық саны 2100 жылға дейін тұрақты түрде 14,8 миллиардқа дейін өседі деген болжамдар. [caption id="attachment_222893" align="aligncenter" width="1800"]8 миллиард Фото Getty Images агенттігінен алынды[/caption] Баяндамада халық санының өсуіндегі аймақтар арасындағы теңсіздік тенденциясы айтылады.
БҰҰ сарапшылары 2050 жылға қарай әлем халқы  өсімінің жартысы небәрі 8 елге тиесілі болады деген қорытынды жасайды. Олар: Египет, Эфиопия, Конго Демократиялық Республикасы, Үндістан, Пәкістан, Нигерия, Филиппин және Танзания.
Африка елдерінің жартысында халық саны 2050 жылға қарай екі есеге артады. Жер планетасы тұрғындарының 25% Африкада дүниеге келеді. Ал Үндістанда халық саны ең үлкен өсім көрсетеді. Бұл ел Қытайды басып озып, әлемдегі ең көп халқы бар мемлекетке айналады. Қытайда өсім төмендейді деп күтілуде. Жапония мен Оңтүстік Кореяда да халық саны азаяды. Еуропада табиғи өсім күрт төмендесе, АҚШ пен Ресейде халық санының өсімі болмайды. [caption id="attachment_222894" align="aligncenter" width="1220"]Сурет3 Фото Getty Images агенттігінен алынды[/caption] Халық санының өсу себептері XIX ғасырға дейін Жер халқының саны баяу өскен. Бірақ  XIX ғасырда күрт серпіліс болды: 1800 жылы Жер шарында 970 миллион адам өмір сүрсе, 100 жылдан аз уақыт ішінде 1,7 миллиард адам өмір сүрді.
XX ғасырда халық саны 7 миллиардқа жетті. Халық санының бұлайша жылдам өсуінің себептерін ғалымдар медицина дамып, нәрестелердің шетінеуінің азаюымен, өмір сүру жағдайының жақсаруымен және азық-түліктің қолжетімділігімен түсіндіреді.
Біз өмір сүріп отырған дәуірде адамдардың орташа жасы ұлғайды, жасы үлкен адамдардың үлесі артты. 2050 жылға қарай 65 жастан асқандардың үлесі 16%-ды (қазір – 10%) құрап, олар 15-24 жас аралығындағы адамдардың үлесінен асып түседі деп болжануда. 2050 жылға қарай 80 жастан асқан адамдардың саны үш есе  артады. Сонымен бірге  жалпы туу көрсеткіші төмендеуде. Демографтар егер 1950 жылдары бір әйелге орта есеппен 4,9 бала туылса, 2022 жылға қарай бұл сан 2,3-ке дейін азайды деген қорытындыға келген. [caption id="attachment_222896" align="aligncenter" width="1792"]Сурет4 Фото Getty Images агенттігінен алынды[/caption]
Дүниежүзіндегі демографиялық жағдай біркелкі емес, өмір сүру ұзақтығы да әртүрлі. Технологиялық, мәдени және экономикалық даму үшін ресурстардың әділетті бөлінуі маңызды.
Бұған қоса демографиялық тенденциялар адамзатты климаттың өзгеруіне тәуелді етуі мүмкін. Урбанизацияның күшеюі қалалардың ластануына және табиғи апаттар кезінде құрбандардың көп болуына әкеліп соғады. Әлемдегі демографиялық ахуалды ескеру – Қазақ елінің болашақ даму стратегияларын жасауға, әлемдегі азық-түлік нарығын игеруге, өзінің әлеуетін дұрыс бағалауға мүмкіндіктер туғызады. Табиғи органикалық азық-түлік өндіруді қолға алу арқылы да мемлекеттің байлығы мен халықтың әл-ауқатын көтеруге мүмкіндік бар.