Microsoft корпорациясы Windows 11 жүйесінен ақау тапты
Microsoft корпорациясы Windows 11 жүйесінен ақау тапты
Фото Getty Images агенттігінен алынды
563
оқылды
Microsoft корпорациясы Windows 11 жүйесіндегі ондаған қатені мойындап, оларды түзету үшін арнайы жаңарту шығарды. Бұл туралы Aikyn.kz BleepingComputer порталының дерегіне сүйеніп хабарлайды.
Жаңартулар KB5018427 сериясымен белгіленген және онда операциялық жүйенің қауіпсіз жұмыс істеуіне бағытталған отызға жуық жақсарту мен түзету ұсынылады.
[caption id="attachment_222689" align="aligncenter" width="1474"]Windows 11 Фото Getty Images агенттігінен алынды[/caption] Сайт журналистері америкалық IT корпорация міндетті жиынтық жаңарту болашақта жаңартуларды орнатуға кедергі келтіретін қателерді түзеткенін, қытай тіліндегі иероглифтердің дәл таңбалану мәселені шешкенін, Microsoft Edge қойындылары автоматты түрде қайта жүктелетін қатені жойғанын атап өтті. Сонымен бірге, жаңартулар PDF файлын көрсету үшін IE режимінде Microsoft Edge браузерінің терезесін ашу проблемасын шешеді. Тапсырмалар тақтасына көбірек динамикалық виджет қосады. Microsoft Store-ге қосылмаған кейбір қосымшалардың жұмысы түзетілді. Алайда, операциялық жүйеге жаңартулар орнатылған соң қосымшаларды қайта орнатуға тура келеді.
Корпорация инженерлері барлығы 30-ға жуық қатені түзеткен.
Корпорация жаңарту барлық пайдаланушыларға қолжетімді екенін айтады. Жаңартуды жүктеу үшін операциялық жүйенің параметрлеріне өтіп, «Windows жаңарту орталығын» ашып, «Жаңартуларды тексеру» түймесін басу керек. [caption id="attachment_222690" align="aligncenter" width="1220"]Windows 11 жүйесі Windows 11 жиынтық жаңартуы KB5018427. Сурет BleepingComputer порталынан алынды[/caption]
Бұған дейін де Windows 11 жүйесінің қолданыстағы 22H2 нұсқасын пайдаланушылар бірнеше рет сынға алған. Сондықтан қазан айында Microsoft жүйелік қателіктерді мойындап, пайдаланушылар үшін жаңартулар ұсынды.
Сарапшы мамандар KB5018427 жаңартуында бұрыннан белгілі екі мәселе әлі де түзетілмегенін айтады. Бұл – SMB арқылы файлдарды көшіру жылдамдығының төмендігі мен дайындық пакеттері дұрыс жұмыс істемеуі. Мамандар бұдан басқа Microsoft қыркүйектегі KB5017389 жаңартуында 22 қатені түзеткенін де айтып отыр.