iPhone 14 смартфонының сатылымы сәтсіз басталды
iPhone 14 смартфонының сатылымы сәтсіз басталды
Фото 9to5mac.com сайтынан алынды
429
оқылды
9to5mac компаниясының тілшісі Шанс Миллер iPhone 14 сатылымы сәтсіз басталғанын хабарлады. Оның айтуынша, Display Supply Chain Consultants сарапшысы Росс Янг Apple компаниясы iPhone 14 смартфоны үшін алдыңғы панельдерге аз тапсырыс бергенін мәлімдеді. Сарапшы америкалық компания iPhone 14 үшін қажет панельдер көлемі 2021 жылы iPhone 13 үшін берілген тапсырыстан 38%-ға аз екенін анықтады. Автор жаңа буын iPhone шығарылымының сатылымы төмен екенін, сондықтан Apple компаниясы 14-сериядағы басқа модельдерді шығаруға басымдық бергенін айтып өткен. Жаңа модельдер тізімін iPhone 14 Pro және 14 Pro Max бастаған. iPhone 14 Pro Max моделінің алдыңғы панельдеріне тапсырыстар өткен жылы iPhone 13 Pro Max үшін берілген ұқсас тапсырыстан 18%-ға көп. Росс Янг жыл соңына дейін Apple сатылымға тағы бір смартфон шығаратынын жеткізді. Бұл iPhone 14 Plus, оның 6,7 дюймдік OLED дисплейі бар. Сатылымға 7 қазанда шығарады деп жоспарланған. Бұған дейін Bloomberg агенттігі Apple компаниясы Жаңа жыл мерекесіне қарсы iPhone 14 шығаруды арттырады деп хабарлаған. Алайда  сұраныстың төмендігінен көшбасшы компания бұл идеядан бас тартқан. Ал Apple компаниясының биылғы ең танымал өнімі iPhone 14 Pro Max болған.