National Geographic Qazaqstan мектептерде «Қызықты ғылым» жобасын бастайды
National Geographic Qazaqstan мектептерде «Қызықты ғылым» жобасын бастайды
747
оқылды
Елімізде география пәні мұғалімдері мен оқушыларға арналған «Қызықты ғылым» жобасы басталды. Аталған жобаны «Шеврон» компаниясының қолдауымен «Kazmedia holding» жүзеге асыруда. Бұл бастама аясында өткізілетін арнаулы семинарларда мұғалімдерге 134 жылдық тарихы бар, география, жаратылыстану ғылымдарынан бастап, ғарышты игеруге дейінгі салаларда көпжылдық халықаралық ғылыми-зерттеулер мен фото-бейне деректердің бай қорын қалыптастырған National Geographic журналының ресурстарын тиімді қолдану әдістері таныстырылады. Нұр-Сұлтан қаласындағы география мұғалімдеріне семинарлардың алғашқы бөлігі 13 қыркүйекте өткізіледі. Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Оқуға құштар мектеп» бастамасын қолдау аясында атқарылып жатыр. Жоба екі мақсатты көздейді. Біріншісі – әлемдік деңгейдегі сапалы ғылыми контенттердің қазақ тіліндегі қолжетімділігін кеңейту. Бұл ретте компания National Geographic журналының қазақ тіліндегі жиынтық топтамаларымен республика мектептерінің кітапханаларын қамтамасыз ету жұмыстарын атқаруда. «Шеврон» компаниясының атсалысуымен жыл соңына дейін Батыс Қазақстан облысының және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының мектептеріне журнал топтамалары тегін тапсырылады. National Geographic Жобаның екінші мақсаты – қоғамда ғылымға деген қызығушылықты, ынта-ықыласты арттыру. Соған орай, мектеп мұғалімдері мен оқушыларына арнайы тақырыптық семинарлар өткізіліп, әлемдік ғылыми-ресурстарды сабақ барысында қалай қолдануға, оқушыларды қалай қызықтыруға болатынын, ал оқушыларға ғылыми жобаларына қалай дұрыс пайдалану керектігін жан-жақты түсіндіріледі.