Талдықорғандағы медицина колледжінің дәретханасы көпшілікті таңғалдырды
Талдықорғандағы медицина колледжінің дәретханасы көпшілікті таңғалдырды
1,633
оқылды
Әлеуметтік желілерде Талдықорған медицина колледжінің дәретханасында түсірілген суреттер тарап жатыр. Кадрлардан дәретханадағы унитаздар арасында жауып тұратын қабырғалар жоғы көрінеді. Бұл қала тұрғындарының наразылығын тудырған. "Балалардың білімін жақсарту үшін көп қаржы бөлінеді. Жуынатын бөлмелерді жөндеу және басқа да құрылыс жұмыстары үшін пайдаланылуы керек қаржының қайда жұмсалатыны белгісіз. Бұл масқара, дәретхананы қалай бұлай салуға болады? Сөзім жоқ", - деп жазған желідегілер. Медициналық колледж мәселесін қоғам белсендісі Сандуғаш Дүйсенова айтқан. Ол дәретхана суреттері жарияланғаннан кейін студенттердің хабарламаларын көрсеткен. Онда осында оқитындардан жазбаға жағымды пікірлер жазу сұралған. Колледж әкімшілігі бұл оқиғаға қатысты әлі пікір білдірмеген.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Сандугаш Дуйсенова (@angry_taldyk)