Қазақстаннан өзбек студенттерінің неге жаппай кетіп жатқаны белгілі болды
Қазақстаннан өзбек студенттерінің неге жаппай кетіп жатқаны белгілі болды
© Сурет : uz.undp.org
217
оқылды
Сыртқы істер министрлігі өзбек студенттерінің елден жаппай кетуінің себебін атады, - деп хабарлайды zakon.kz. Бұған дейін шетелдік БАҚ өзбек билігі Орталық Азияда жоғары оқу орындарында оқып жүрген студенттерін кері елге қайтуға үндегенін хабарлаған. СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, бұл - білім беру жүйесіндегі реформамен байланысты қабылданған шешім.
- Бізге өзбек тарапынан ресми хабарлама келіп түсті. Өзбек студенттерін қайта еліне шақырту көрші республикадағы білім беру жүйесінде жүзеге асырылып жатқан реформаға байланысты. Қазір Өзбекстан шетелде, негізінен Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда оқып жатқан барлық жастары үшін өз елінде білімін жалғастыруға жағдай жасап, оларды кері шақырып жатыр. Өзбекстан жоғары оқу орындарында өз азаматтары үшін квота мен гранттардың санын көбейтті, - деді ол.