Алматыда жоғалған үш оқушы өлі табылды
Алматыда жоғалған үш оқушы өлі табылды
Фото: Интернеттен алынды
314
оқылды
Алматыда жоғалып кеткен үш оқушы өлі табылды, – деп қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Facebook-тегі парақшасында жазды. «Құтқару қызметтері Алатау ауданында жоғалып кеткен оқушыларды іздестіруді аяқтады. Өкінішке орай, біз балалардан айырылып қалдық. Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсеғалиевтің қаза тапқаны туралы қайғыра хабарлаймын», – деп жазды қала әкімі. Сағынтаев балалардың мұзы жұқа су айдынында қайтыс болған. «Жазым болған оқушылардың отбасылары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Біздің балалар мұзы жұқа су айдынында көз жұмды. Полиция департаменті мен ТЖ қызметтеріне себептерді тергеу жөнінде арнайы топ құруды тапсырдым. Зардап шеккендердің отбасыларына қолдан келгенше көмек көрсетеміз. Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды», – деді Сағынтаев.