Шардарада жол апатынан 4 адам қаза тапты – видео  
Шардарада жол апатынан 4 адам қаза тапты – видео  
Фото: Видеодан скриншот
1,034
оқылды
Түркістан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, Шардарада жол апатынан 3 жолаушы мен жүргізуші қаза тапты. Бір тұрғын аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Полиция BMW 5251 маркалы көліктің тасжолдың оң жақ жиегіне түсіп кеткенін анықтады. Әлеуметтік желіде тараған видеода көліктің жоғары жылдамдықпен келіп, сайға құлағанын көруге болады. Видео: Н.Әлімбаевтың Facebook парақшасынан алынды.  Жол апатының мән-жайын полиция анықтап жатыр. Аталған жайт ҚК-тің 345-бабы 4-бөлігімен тіркеуге алынды. Сараптама тағайындады.