Солтүстік Месопотамия: Түркияның бізге таңсық аймағы
Солтүстік Месопотамия: Түркияның бізге таңсық аймағы
970
оқылды
Түркия қазақстандықтарға жақсы таныс. Өйткені барыс-келістің көбейгені сонша,  Ыстамбұл мен Анталияда  отандастарымызды жиі кездестіресіз. Кейбір деректерге қарағанда, Түркияға көшіп кетіп, сонда тұрып жатқан қазақтардың саны 30 мыңға жуықтап қалса керек. Бірақ бәрібір Анадолы жері көрікті мекендер мен тарихи орындарға толып тұр. Бәлкім,  көп адам  дәл Түркия жерінде адамзат баласы алғаш рет бидай еге бастағанын білмеуі мүмкін.  Ал бидайдың «атамекені» саналатын оңтүстік-шығыс Анадолы – тарихи, мәдени, гастрономиялық,  тіпті діни туризм үшін  қолайлы  аймақ.  Біздің де  жолымыз  сол өлкеге түсті.  

Жұлдызды аспанға қызыққандар жиналды

Түркияның оңтүстік-шығысына  сапарлап қайтуға  шақыру келген кезде бірден келістік.  Қазақстаннан  үш-ақ журналист шақырыпты.  Әу баста бізге  Диярбакыр  аймағында «Ғарышты бақылау фестивалі» өтетіні айтылған. Түркияның  TÜBİTAK (Түркия ғылыми және технологиялық зерттеу мекемесі) деп аталатын  ұйымы алғаш рет  1998 жылы  өткізген  шара араға  біраз уақыт салып, былтыр жалғасын тауыпты. Сөйтіп,  биыл Диярбакыр қаласының қасындағы  Зерзеван  қамалының қасында ұйымдастырылды. Түркия Зерзеван қамалының қалдығы. Қалдығының өзі осындай болса... Әлбетте,   Түркиядан бөлек,  9 мемлекеттен  медиа өкілдері барыппыз,  Фестиваль басталардан бұрын алдымен ескі қамалды аралап көрдік. Рим мен Сасани империясының шекара бекеті саналған қамал қираған. Соның  өзінде  шығыстағы қабырғасының  биіктігі 21 метр екен. Өзі таудың басында. Бұрын митраизм деген  дінді ұстанғандар   осында паналаған деседі. Үндістаннан Иран арқылы  Рим жеріне жеткен дін екен. Күнге табыныпты. Бұқаны құрбандыққа шалған көрінеді. Құрбандық шалған адам  дүниеге жаңа келгенмен бірдей саналыпты бұрын. Кейінгі зерттеулерді шолып шыққанымызда,  митраизм Римнің шекарашы жауынгерлерінің арасында кең тараған деседі. Осынау көне діннің  22 ғибадатханасы табылыпты.  Екеуі  Түркияда екен.  Соның бірі   Зерзеван  қамалы. [caption id="attachment_201927" align="alignnone" width="1200"]Түркия Митриазм ғибадатханасының іші. Зерзеван қамалының астында екен. Айтпақшы,  қамалдан қашып кетуге арналған туннель бар деседі. Бірақ оның аузы бітеліп қалыпты, әрі қамал қабырғасы құлап түсуі мүмкін болғандықтан, жақындатпады.[/caption] Осы Зерзеван қамалының қасында түнгі аспанды бақылауға арналған фестиваль  ұйымдастырылды. Күндіз  тізіліп тұрған телескоптарды көрдік.  Қамал төңірегіндегі 5 жерге  ұзын саны 32 телескоп қойылыпты. Фестивальға қатысқысы келетіндер алдымен арнайы  платформада  тіркеліп,  кейін  кездейсоқ таңдау арқылы іріктеліпті. Биыл жұлдыздар мен ғаламшарларды бақылауға 6 600-ден астам адам өтініш берсе,  рұқсат алғандар саны  2,5 мың екен.  Осы 2, 5  мың адамның 56 пайызы  қыздар мен әйелдер. Іс-шара үш күнге созылды. Түркия Айтпақшы, фестивальдың ашылу салтанатына Түркияның екі министрі Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк, Жастар ісі және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоғлу қатысты. Бірнеше мемлекеттің елшілері де болды. Кейін сұрастырсақ, жалпы 72 сағат  бойы күндіз де, түнде де фестивальға қатысушылар аспан денесін бақылапты.
[caption id="attachment_201931" align="alignnone" width="1200"]Түркістан Бұл телескоптардың фотосын түсірген кезде фестиваль әлі басталмаған еді.[/caption] Соның ішінде арнайы қараңғы линзаларды пайдалана отырып,  қызықтаушы-астрономдар 12 сағат бойы күнді  бақылапты. Жалпы,  үш күн бойы жиналғандар 20-дан астам аспан денесін тамашалаған екен. Астрономияға қызығатын адамдарға 21 ғалым кеңес беріп, 30-дан астам семинар,  ғылыми лекция өткізіліпті. [caption id="attachment_201932" align="alignnone" width="1200"]Түркия Қызықтың «көкесі» кешке басталды. Негізі,  телескоп қасында жарық жағуға болмайды. Бірақ операторлар үшін арнайы жарық түсірді. Дәл осы сәтте Арктур жұлдызын тамашалап тұрған сәтіміз. Айтпақшы, оны бұрынғы қазақтар «Арай жұлдызы» деп атаған. Одан соң Жетіқарақшыдағы Қыранқарақшы мен Үлпілдекті бақыладық. Мамандардан өтініп, телескопты Жетіқарақшыға қараттық.[/caption] Ұмытып барады екенмін, Түркия 2023 жылы  республика құрылғанының 100 жылдығында  Халықаралық ғарыш стансасына түрік азаматын ұшыруды көздеп отыр. Ең қызығы, астронавтарды  біздегідей  емес, өзгеше тәсілмен іріктеп жатыр.  Яғни,  қалаған адам Түркия ғарыш агенттігінің арнайы сайты арқылы  үміткер болып тіркеле алады. Ғарышқа ұшқысы келетін түрік азаматының жасы 45-тен аспауы керек. Инженер, жаратылыстану немесе жалпы ғылым, медицина саласында білім алған кемі бакалавр деңгейінде білімі болуы тиіс. Ағылшыншасы  жоғары деңгейде болуы шарт.  Бойы 149,5 см-ден 190,5 см, салмағы 43-110 келі аралығында болуы тиіс. Көзі  жақсы көруі керек. Мейлі линза, көзілдірік тақса да, операциядан шықса да көзінің  өте жақсы көргені дұрыс. [caption id="attachment_201934" align="alignnone" width="900"]Түркия Бұл басқа телескоп. Қырғызстандық әріптесіміз Айдың бетіне үңілген сәт.[/caption] Сонымен қатар қан қысымы қалыпты болғаны керек. Қысым жоғары немесе төмен болса,  үміткер бола алмайды.  Ғарышкер болуға үміткерлерді тіркеу 30 маусымда аяқталады.  Одан соң әлбетте медициналық тексеру, түрлі сынақтар болады. Күні бүгінге дейін 36 мың адам  үміткер ретінде тіркеліпті.  Тіркеуден соң түрлі тесттер тапсырып, сауалнамадан өтеді. Қосымша құжаттар да жиналады. Осылайша,  нағыз сынақ басталады. Яғни, түрлі талаптар бар деген сөз. Қосымша талаптардың барлығын орындаған азаматтардың саны 480-ге жетіпті. Оның 73-і әйел адам екен. Алғашқы сынықтардан сүрінбей, барлық талаптарға сай болған екі азамат Түркияның алғашқы ғарышкерлер командасына алынады. Олар Түркия мен АҚШ-та дайындықтан өтеді. [caption id="attachment_201935" align="alignnone" width="900"]Түркия Шамамен 10-12 мың жыл бұрынғы үйлер деседі. Реконструкция жасалса керек. Киіз үйдің «ұлы атасы» ғой деймін. Айтпақшы, тура осындай үлгідегі үйлерді «әлі де болса пайдаланатын халықтар бар. Қиыр Солтүстікте, Сібірдің ормандарында мекен етеді.[/caption]

Адамзат баласы алғаш рет бидай еккен аймақ

Негізі,  Түркияның  оңтүстік-шығысындағы Диярбакыр, Мардин және Батман қалалары орналасқан аймақты Солтүстік Месопотамия деп атайды. Бәріміз «Ежелгі дүние тарихынан» оқыған әйгілі  Қос өзен аңғарының басы осы жерлер. Біз барған өлкеде атақты Тигр  өзені ағып жатыр. Евфрат  сәл бас жақтан бастау алады. Ал Солтүстік Месопотамия «берекелі жарты ай» деп атайтын аймақтың теріскей бөлігі саналады. [caption id="attachment_201937" align="alignnone" width="1200"]Түркия Мыналар шамамен 10 мың жыл бұрынғы тас ыдыстар екен. Өңірдегі тастар жұмсақ болатындықтан, ежелгі адамдар оны ойып, ыдыс жасапты. Тіпті, әдемілеп безендірген көрінеді. Өрнек салыпты. Аймақта керамика кейін пайда болған деседі.[/caption] Дәл осы Диярбакыр, Мардин, Батман   өңірлерінде ертеде, тым ертеде адамдар алғаш рет астық, соның ішінде бидай өсіре бастапты.  Диярбакырдың маңайынан табылған ең көне  бидай қалдықтары 12,5 мың жыл бұрынғы кезеңге сәйкес келеді екен. Ал Гөбеклітепе дейтін жерден табылған бидай қалдықтары 15 мың жыл бұрын сол жердегі адамдар осы дақылды өсіргеніне айғақ болады екен.  Тас дәуірінде Диярбакыр  өңірінде   жанартау тасы мен  жұмсақ тасты ойып, ыдыстар жасапты. Алғашқы  қоныстар болыпты. [caption id="attachment_201938" align="alignnone" width="1200"]Түркия Тастарды осы құралдармен ойыпты. Бұлар жанартаулардан шыққан тастар деседі. Суға тигенде өте қатты болып қалатын болса керек. Ежелгі адамдар Бингөл деген жерден осы тасты алып келіп, жоғарыдағы суреттегідей ыдыстар жасапты. Яғни, бір таспен екіншісін ойса керек.[/caption] Жалпы, Диярбакыр өңірінде ежелден бері 33 мемлекет құрылған деседі. Қаланың өзі бұрын Амида деп аталған. Қазір қалада 1,7 млн шамасында адам тұрады екен (2020 жылғы дерек). Осы өңірде Інжіл мен Құранда аты аталатын  бірнеше пайғамбар өмір сүріпті.  Түркия Тастарды осы құралдармен ойыпты. Бұлар жанартаулардан шыққан тастар деседі. Суға тигенде өте қатты болып қалатын болса керек. Ежелгі адамдар Бингөл деген жерден осы тасты алып келіп, жоғарыдағы суреттегідей ыдыстар жасапты. Яғни, бір таспен екіншісін ойса керек. Қаланың қорған-қамалы  350 жылдары шамасында салына бастауы мүмкін деген әңгіме бар. Шамамен 5 шақырымға соызылып жатыр. 82 бақылау мұнарасы бар екен. Қамал қабырғасының  жалпақтығы  6-10 метр. Бұрын  бұдан үлкен қамалдар болған шығар дүниеде, бірақ қазір Ұлы Қытай  қорғанынан кейін сақталып тұрған екінші ірі қорған.
[caption id="attachment_201941" align="alignnone" width="1200"]Түркия Диярбакыр қамалы[/caption]

Туризмге енді ашыла бастаған өңір

Әдетте Түркияға ағылатын туристер елдің батысындағы курорттық аймақтарға құмар келеді. Өйткені ол жақта теңіз бар. Бірақ тарихи, діни, гастрономиялық, мәдени туризмге қызығатындар үшін елдің батысы да, шығысы да қызық деп білеміз. [caption id="attachment_201942" align="alignnone" width="900"] width= «Ұлы жами» мешітінде исламның сунниттік бағытының төрт мазхабы медреселері болыпты. Осы медреселерде бұрын 1 млн 40 мың кітап болған деседі.[/caption] Диярбакырда жүргенімізде бірде-бір еуропалықты немесе ТМД азаматын кездестірмедік.  Бұрын полицей болып қызмет істеген азамат  қалада Қазақстаннан келген  бірер азамат бар екенін айтты. Түркия азаматына тұрмысқа шығып, осынида келіп қалса керек. Бірақ біз оны іздеп жатпадық. Оның жеке өмірі қызықтыра қоймады. [caption id="attachment_201943" align="alignnone" width="900"]Түркия Мешіт ауласында «кибернетиканың атасы» саналатын әл-Жазаридің өзі жасаған Күн сағаты тұр. Әл-Жазари 1206 жылы «Китаб фи марифат аль-хиял аль-хандасийя» деген еңбек жазған. Онда 50 механизм сипатталған. Сол заманның роботтарын құрастырған адам ғой.[/caption] Диярбакыр ежелгі Ассирия, Мидия,  Парсы империясы, Александр Македонский империясы,  Рим және Сасани империялары тәрізді ірі мемлекеттердің құрамында болған қала. Мұнда ежелгі діндер  де тоғысқан екен. Өңірді аралаған адам  көне діни ғимараттың үстіне  жаңа діннің нысаны салынатынын байқайды. [caption id="attachment_201945" align="alignnone" width="899"]Түркия Сирағы бар мұнараны кім көрді? Диярбакырда ол да бар.[/caption] Айталық, қаладағы «Ұлы жами» мешіті бұрын христиандардың шіркеуі болыпты. Кейін мешітке айналса керек. Қаланы 639 жылы Омар халифаның заманында  әйгілі ислам қолбасшысы Халид бин Уәли ислам халифатының құрамына қосыпты. [caption id="attachment_201946" align="alignnone" width="1200"] width= Әйгілі Тигр өзеніндегі салынғанына 1000 жылдай болған «Он көзді» көпір.[/caption] Ал "Ұлы жамиді" 1091 жылы Салжұқ сұлтаны Мәлікшах  салғызған дейді. Әрине, кейін  бүлінген екен, бірақ  аймақта билік құрған өзге мұсылман мемлекеттері жөндеп, күтіп баптап отырыпты. [caption id="attachment_201959" align="alignnone" width="900"] width= Құран мен Інжілде аты аталатын Әл Йаса пайғамбардың зираты.[/caption]  ТҮЙІН.  Түркия  туризмді дамытуды одан әрмен жалғастырмақ ниетте.  Курорттық аймақтардан бөлек,  тарихи орындарға да айрықша назар аударып жатыр.  Біздің бұл аймаққа ат басын бұруымызға да  Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі себепші болды. Өңірге адамзат тарихына қызығатындарды тартудың жолын қарастырып жатса керек. [caption id="attachment_201961" align="alignnone" width="1200"] width= Тигр өзенінде 1997 жылы осы су қоймасы салынған. Пайғамбарлар зираты су астында қалатындықтан, 1995 жылы дін ғұламалары әл-Йаса мен Зүлкфил пайғамбарлардың зиратын биік төбеге тасып, сонда қайта жерлепті. Қайта жерлеу рәсіміне қатысқандар пайғамбарлардың денесі бүлінбегенін айтады.[/caption] Алайда Орталық Азия елдерінің ешқайсысынан, тіпті Әзербайжанның өзінен оңтүстік-шығыс Анадолыға  тікелей әуе рейсі жоқ. Ал Ыстамбұлдан Диярбакырға дейінгі ұшақ құны 37 мың теңгеден 41 мың теңге немесе 1 450-1 600 түрік лирасы аралығында. [caption id="attachment_201962" align="alignnone" width="1200"] width= Көне Дара қалашығы. Түркияның Мардин провинциясында орналасқан. Қалашық Ахеменидтер патшасы І Даридің құрметіне салынған деседі. Ал І Дарий б.з.д 522-486 жылдары билік құрған.[/caption] Бір сөзбен айтқанда, 1 500 шақырымға жуық жерге бару үшін тым қымбат баға емес. Ең арзан қонақүйдің бағасы тәулігіне 10 мың теңге шамасында. Бәлкім,  күндердің күнінде all-inclusive турлар пайда болуы мүмкін. Түркия дәл осы бағытқа көңіл аудара бастапты. [caption id="attachment_201963" align="alignnone" width="1200"] width= Тигр өзенінің жағасында ежелгі Хасанкейф қалашығы бар. Бірақ Хасанкейф су қоймасын салған кезде көне үңгір-үйлердің бірқатары мен жағалаудағы ауылдар су астында қалған. Дегенмен тарихи орындардың көбі сақталыпты. Үңірлердегі бұл үйлер Шумер, Ассирия, Вавилион дәуірінен сақталған деседі. 4 000-нан астам үңгір болыпты. Қазір бұл аймаққа туристер жиі келеді. Тіпті, ежелгі үңгірлердің бірін қонақүй етіп тастаған. 11 бөлмесі бар екен.
Хасанкейф Түркияның Батман провинциясында орналасқан.[/caption] Қысқасы, адамзат өркениетінің бесігі саналатын аймақты бір рет болса да көргеннің артықтығы жоқ сияқты. [caption id="attachment_201965" align="alignnone" width="1200"] width= Диярбакырда «ИЖ» мотоциклін көріп таңғалдық. Сөйтсек, «КСРО мұрасы» мұнда көп екен.[/caption]