Қордайдағы қақтығыс: Жанжалды шешу жолдары
Қордайдағы қақтығыс: Жанжалды шешу жолдары
© Бауыржан Жуасбаев
764
оқылды
Ұлтаралық татулықты сақтау – Қазақстан үшін ең өзекті мәселе. Оған жуырда Жамбыл облысының Қордай ауданында болған келеңсіз оқиға көзімізді жеткізді. Қордайдағы қақтығысқа орай Үкіметтік комиссия құрылғаны мәлім. Алайда қоғам әлі де алаңдап отыр. Демек, этносаралық қатынастарда тағы да шиеленіс болмауы үшін нақты шаралар жасалуы керек. Осы орайда бірқатар сарапшыдан аталған мәселеге орай пікір сұрадық. Бізді мазалаған сұрақ – комиссия жағдайды шешу үшін не істеу қажет және мұндай қақтығыстардың алдын алу үшін қандай шара қабылдауы тиіс?  width= Гүлмира Илеуова,  «Стратегия» ҚҚ президенті, әлеуметтанушы: – Посткеңестік көптеген елге қарағанда Қазақстан ұзақ жылдар бойы этносаралық қақтығыстарға жол бермей, татулықты сақтай алды. Дегенмен кез келген полиэтникалық мемлекетте этносаралық қайшылықтар байқалып қалатыны бар. Бұлар әдетте мүлікті бөлісудегі нақты айырмашылықтарға, теңсіздікке, этникалық топтар арасындағы билік пен беделге негізделген әлеуметтік қайшылықтардың айырықша формасы ретінде көрініс береді. Сондықтан үлкенді-кішілі этностар арасындағы қарым-қатынастардан бастау алатын мұндай процестерді үнемі бақылап, оның алдын алу маңызды. Әлеуметтік-экономикалық саланың нашарлауы этносаралық кикілжіңге де әсер етеді. Бұған соңғы жылдарды Қазақстанның түстік аймақтарында, атап айтқанда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облыстарында түрлі ұлттар арасында байқалып жүрген қақтығыстар дәлел болады. Осы тұста мұндай қақтығыстардың бір жағында үнемі қазақтар тұратынын, ал шиеленістер адам көп шоғырланған әрі ресурстар, экономикалық игіліктер үшін бәсеке жоғары ауылды жерлерде жиі байқалатынына назар аудару керек. Бұрынғы Түркістан облысында  жүргізген зерттеулеріміздің бірі көрсеткендей қазақтар мемлекет құраушы ұлт ретінде түрлі өмірлік стратегия ұстанады. Олар белсенді түрде сан салада жоғары білім алып, армияда, мемлекеттік органдарда мансапқуады, елдің өзге аймақтарына көшіп, тұрғылықты жерін өзгертеді. Өз кезегінде шағын этностар өкілдері көбіне экономикалық өсімге, отбасының материалдық жағдайын жақсартуға ден қояды. Сондықтан оларға қазіргі жағдайда жоғары немесе арнаулы орта білім алудың, тұрып жатқан өлкесінен басқа жаққа көшудің қажеті жоқ, тек жер телімдері мен су көзіне қол жеткізе алса болды. Ал мемлекеттік органдармен арада туындаған түрлі мәселелерді шешу қажет болған жағдайда бірден жұмылады да, керек болса, сыбайластық механизмдерін пайдаланады. Сөйте тұра әкімдіктерде, құқық қорғау органдарында олардың өкілдері тым сирек кездеседі, керісінше ондай мекемелерде көбіне қазақтар еңбек етеді. Жалпы алғанда, жағдай өте күрделі, проблемалар жылдар бойы жинақталып қалған.Сөз жоқ, оны бір ғана мемлекеттік комиссия шеше алмайды. Бірақ қалай болғанда да, адам өлгенін, өз кезегінде бұл жағдай қазақ пен дүңген халықтарының қарым-қатынасы үшін және  қақтығыс болған ауылдардың тұрғындары үшін жазылмас жара болып ұзақ жылдар бойы сақталатынын ұмытпау керек. Қазақстанды көп этносты, конфликтісіз қоғам ретінде дамыту үшін елде өмір сүретін түрлі этникалық топтардың интеграциясы мен жұмылуына бағытталған саясат жүргізілуі керек. Қазақстандағы этносаясаттың мазмұнын өзгертіп, оны этникалық топтардың қоныстық, социомәдени, ағартушылық және өзге де деңгейлерде оқшаулануына жол бермейтіндей сипатта ұйымдастыру қажет. Тұрғын үй және қоныстандыру саясаты арқылы этностардың «анклавтар» негізінде оқшаулануын тоқтату керек. Түрлі этникалық топтардың өкілдері арасынан халық саны мол аймақтардан тұрғындары аз өңірлерге қоныс аудару бағдарламасына,  еңбек көші-қонына қатысушыларды ынталандыру да  қарастырылуы тиіс.  width= Мұхтар Сеңгірбай, PhD докторы, конфликтолог: – Конфликтінің тамыры неғұрлым тереңде болған сайын оның салдары соғұрлым ауыр, оны шешу де соғұрлым қиын болады. Оның үстіне кісі өлімі болып, халық үдере көшсе, ол жараны емдеу тіпті ауыр. Әңгіме тек материалдық шығын туралы емес, жалпы халықтардың арасындағы өзара түсіністік, сыйластық, қауіпсіздік, мемлекеттік патриотизм сияқты қоғам мен тұрмыстың түрлі аспектілеріне жазылмас жара салады. Мәселе сонда, комиссия болған өрттің неден шыққанын анықтайтын формалды мекеме рөлін ғана атқарады. Ал өрттің тұтануына себеп болған алғышарттарды талдау – мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік стратегиясының бір бөлігі болуы керек. Ғылым, білімге, қоғамдық-саяси шараларға бөлінетін қаражаттың қомақты бөлігі Қазақстан ұлттарының динамикалық картасын жасауға, елдегі ұлтаралық қарым-қатынасты тұрақты түрде сапалы ғылыми деңгейде зерттеп отыруға бөліну керек. Түрлі ұлт өкілдері тығыз қоныстанған аймақтарда ұлттардың қоғамға интеграциялану деңгейіне, олардың мемлекетке, оның институттарына, билікке деген көзқарасына, басқа ұлттармен қарым-қатынасына, әлеуметтік жағдайына, аймақтағы әлеуметтік теңсіздікке, т.с.с. индикаторларға үнемі бақылау жасау қажет. Мұны ғалымдар «метеостансамен» теңестіреді. Бұл жұмыс біртұтас Қазақстан халқын қалыптастыруға бағытталған стратегиямен қатар жүру керек. Сондықтан біз өрт сөндіру құралдары жоқ ғимарат сияқтымыз, себебі бізде алдын алу шаралары сирек қолданылады. Екіншіден, ұлт бар жерде конфликт бар, ол - өмір заңдылығы. Әр ұлттың дүниетанымы, наным-сенімі, тарихқа, мемлекетке көзқарасы әртүрлі. «Бізде конфликт жоқ» деу – мақтан емес, «біз жанжалдың алдын алдық» десек, сонда ғана мақтануға болады. Осындай кикілжіңдердің кесірінен Ирландияда, Израильде «бөлшектенген қоғам» қалыптасқан, осындай қантөгістердің кесірінен олар бір-біріне сенуден қалған, ақырында тұтас кварталдарды қабырғамен бөліп тастауға мәжбүр болған. Ең бастысы – көпұлттылықты кемшіліктен артықшылыққа айналдыра білу керек.    width= Гүлнар Насимова, саясаттану ғылымдарының докторы, конфликтолог: – Бірінші кезекте комиссия жұмысы ашық болуы керек. Қоғамның күтіп отырған ең басты талабы да - осы. Екіншіден, комиссия аталған қақтығысты кешенді түрде, жүйелі зерделеуі қажет. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, қақтығыстың негізгі себептерін анықтау маңызды. Ешқандай жанжал аяқасты пайда болмайды,олардыңбелгілі бір индикаторлары қалыптасады. Бұл индикаторлар жайлы мамандар ұдайы айтып келеді әрі билік те оны біледі. Жастар арасындағы жұмыссыздық, байлар мен кедейлер ара-жігінің тереңдеп кетуі, азаматтық қоғам инстиуттары жұмысының тиімділігінің төмен болуы, жемқорлық, қысқасы мұның барлығы қақтығысқа апарып соғатын жағдайдың алдын ала сигналы саналады. Сондықтан ең алдымен аталған конфликтінің түп-төркінін, негізгі себептерін анықтау қажет. Үшіншіден, сараптама жасау үшінэксперттерді тарту керек. Жанжал шарықтау шегіне жеткен кезде ғана азаматтардың заңға қайшы әрекет жасауына жол бермеу үшін күш құрылымдары тартылады. Төртіншіден, халыққа обьективті ақпарат таратылуы керек. Біз БАҚ кешігіп, қоғамда фейк ақпараттар мен қауесеттердің тарағанына бірнеше мәрте куә болғанбыз. Сонымен қатар азаматтар кінәлілердің заңды жазасын алғанын қалайды. Егер біз мұндай сипаттағы шиеленістердің қайталанбауын қаласақ, онда кейбір тәсілдеріміздің тиімсіз екенін мойындауымыз қажет. Мұндай оқиғалар қақтығысты шешудің жедел конструктивті технологиясының нашар дамығанын көрсетеді. Қоғамдықатаң вертикалды тәсілмен тұрақтандыруға тырысудың әсері қысқа мерзімді болады,ал қоғамдағы тұрақтылықты кері байланыс, азаматтық қоғам институттарының көмегінсіз бекем қылу мүмкін емес. Жалпы, елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелердішешпейінше, мұндай конфликтілер қатері де сейілмек емес. Аманкелді ҚҰРМЕТ