Менің байым сияқты құрттай болғанымен, қоймайды екен!
Менің байым сияқты құрттай болғанымен, қоймайды екен!
411
оқылды
Әлеуметтік желіде денесі шағын ғана қазақ жігіттінің өзге ұлттардың еңгезердей жігіттерін қол күресінен оп-оңай жеңіп жатқанын бейнелейтін бейнежазба тарап жатыр. Қазақ азаматы өзінен әлдеқайда үлкен қарсыластарын бұйым құрлы көрер емес. Видеоның астындағы пікірлерде қазақ жігітінің Шарадарның тұрғыны екені айтылады. Көкшенің жігіті деп жатқандар да бар. Олардың бірі: «Менің байым сиякты құрттай болғанымен, қоймайды екен», десе, тағы бірі: «Осындайды көргенде мақтанып, қуанып, жігерленіп, күшті сезімде боласың! Алла жар болсын қазағыма!» деп ағынан жарылады.
«Ет жеп, қымыз ішіп, ауылдың қара топырағына аунап өскен жігіттер осындай мықты болады», «Жарайсың! Нағыз мықты екен. "Жүрегінің түгі бар" деген осы ғой. Ата-бабамыздан дарыған адал аспен ауқаттанған, рухани тазалықпен берілген қазақ халқына ғана тән қасиет ғой», «Керемет! Қазақтың жігіттері анау-мынуға дес бермейді. Жарайсың! Біз сендермен мақтанамыз!» деп жазғандар да бар.
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Батырдың парақшасы🟢 (@batyr_bloger)