«Бісміллә» деп қазақ тілін үйренуді бастадым – Айдын Рахымбаев
«Бісміллә» деп қазақ тілін үйренуді бастадым – Айдын Рахымбаев
713
оқылды
Белгілі кәсіпкер, меценат, BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев елу жасқа келгенде қазақ тілін үйрене бастады. «Ал енді, міне «Бісміллә» деп қазақ тілін үйренуді бастап кеттік, екі апта болды, оқып жатқан мәтіндер қиындау, әдеби тілмен жазылған, әрине оңай емес. Кейде сөз жетпей, ойымдағыны айта алмай, мұғаліммен күліп аламыз», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына. Кәсіпкер өзінің Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Казнаковка ауылында туып, өскенін, сол жақта орыс мектебін бітіріп, орыстардың арасында ер жеткенін атап өткен. Достары да, жан-жағымдағы адамдар да, бәрі орыс тілінде сөйлеген. Бірақ қазақ тілін үйреніп, сөйлеуге деген ниеті әрқашан ойынан шықпаған көрінеді.
«Ештен кеш жақсы» дейді ғой. Әлі де кеш емес, 45 жасымда ағылшын тілін оқып үйрендім, енді 50-ге таяп қалғанымда қазақ тілі... Құдай қаласа еркін сөйлеп, қазақша посттар жазатын боламын», - деді Рахымбаев.