Перуде найзағай түскен 13 адам мерт болды
Перуде найзағай түскен 13 адам мерт болды
Фото: Интернеттен алынды
277
оқылды
Перудің Канас, Канчис және Эспинар таулы провинцияларында төрт күн ішінде түскен найзағайдан 13 адам қаза тапты, – деп жазады Peru21 порталына сілтеме жасаған «Қазақпарат». Перудің Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің айтуынша, табиғат құбылысы жиі орын алатын аймақтағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Ұлттық метерология және гидрология қызметі тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл мен найзағай кезінде биік ағаш, есік-терезе маңынан аулақ жүруді ескертеді. Тұрмыстық электрқұрылғылар мен ұялы телефондарды өшіріп, қолшатыр пайдаланбауға шақырды.