Шенеуніктер Қытайға іс-сапармен бармайтын болды
Шенеуніктер Қытайға іс-сапармен бармайтын болды
© сурет:Pixabay
258
оқылды
«Коронавирусқа байланысты шенеуніктер Қытайға іссапарға бармайтын болды», – деді еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин арнайы баспасөз мәслихатында, – деп хабарлайды zakon.kz. – Халықаралық кең көлемді іс-шаралардың шектелуіне байланысты Үкімет ҚХР-ға жоспарланған демалыс сапарларын, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің іс-сапарларын да шектеу туралы шешім қабылдады, – деді Бекшин. Ол іссапарлардан басқа барлық халықаралық спорттық іс-шаралар, оның ішінде халықаралық теннис турнирі де өткізілмейтін болғанын айтты.