Қазақстан қызылша ауруы көп тараған 10 мемлекеттің қатарына еніп отыр
Қазақстан қызылша ауруы көп тараған 10 мемлекеттің қатарына еніп отыр
Фото: Интернеттен алынды
461
оқылды
Қазақстанда қызылша ауруы өршіп тұр, – деп жазады 24.kz. Дереккөздің жазуынша, елімізде 17 мың адам өзіне және балаларына екпе салдырудан бас тартқан. Жұқпалы аурулардың салдарын зерттеп жүрген сарапшылардың айтуынша, былтыр қызылшаға шалдыққан 29 бала көз жұмған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қазақстан әлемдегі қызылша ауруы көп тараған 10 мемлекеттің қатарында екен. Соған қарамастан, бұл кеселге қарсы екпе салдырудан бас тартатындардың қатары көбеймесе, азаймай отыр. Әсіресе, балаларына екпе салдырғысы келмейтіндер көп. Эпидемиолог Айнагүл Қуатбаева: «Ауырған адамның жанында 1 метр қашықтықта бар жоғы 10-15 минут болған, екпе салдырмаған адамға қызылшаны жұқтырып алу қаупі жоғары. Екпені қабылдағандар арасында қызылшаға шалдығатындары сирек. Ауырса да тез сауығып кетеді», – дейді.