Қар тазалайтын көлік жүргізушісі адамның мәйітін тапты – Қарағанды
Қар тазалайтын көлік жүргізушісі адамның мәйітін тапты – Қарағанды
Фото: Интернеттен алынды
5,260
оқылды
Қарағандының «Сарыарқа» әуежайына баратын жолда 65 жастағы ер адам көз жұмды, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Дереккөздің жазуынша, кеше таңертең әуежайдан Қарағандыға баратын жолда 65 жастағы ер адамның қазасы туралы полицияға және жедел жәрдем қызметіне қар тазалайтын көліктің жүргізушісі хабарлаған.
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға туралы хабарлама бізге сағат 10:45-те қар жинайтын техника жүргізушісінен келіп түсті. Жолда қар құрсауында тұрып қалған Hyundai автокөлігінің 65 жастағы жүргізушісі көлігін қардан аршып алып шыққан соң, көлігінен шығып, оқиға орнында көз жұмған. Ол машинадан шыққан бетте өзін нашар сезініп, сол жерде ес-түссіз құлап түскен. Азаматтың өлімінің себебін сарапшылар анықтайды.