ҚР СІМ коронавирус мәселелері бойынша қауырт желі ашты
ҚР СІМ коронавирус мәселелері бойынша қауырт желі ашты
5,205
оқылды
ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қытайда тараған коронавирус мәселелері бойынша қауырт желі ашылды. Бұл туралы ведомствоның Telegram-арнасында жарияланды. «ҚР Сыртқы істер министрлігінде ҚХР-дағы коронавирус мәселелері бойынша қауырт желілер ашылғанын хабарлаймыз. Жұмыс уақытында Қазақстан азаматтары келесі нөмірлер бойынша хабарласа алады: +7 (7172) 72-05-49, +7 (7172) 72-01-98, +7 (7172) 72-04-93. Жұмыстан тыс уақытта және демалыс күндері +7 (7172) 72-01-11 нөмірі бойынша хабарласуға болады», - делінген хабарламада. Сонымен қатар, ҚХР-дың кейбір қалаларында карантиннің енгізілуіне байланысты Қытай аумағындағы азаматтарымыз үшін Қазақстанның Бейжіңдегі Елшілігінде +86 10 65324189 телефоны бойынша тәулік бойы қауырт желі ашылды.