Орталықтан шалғай жатқан елдімекендердегі проблемалық нысандарды аралаймын – Бауыржан Байбек
Орталықтан шалғай жатқан елдімекендердегі проблемалық нысандарды аралаймын – Бауыржан Байбек
201
оқылды
«Атырау облысына жасайтын сапарым аясында қаладағы, облыс орталығынан шалғай жатқан елдімекендердегі проблемалық нысандарды аралауды жоспарлап отырмын». Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында осылай деп жазды. «Тұрғындармен бірге оларды толғандырып жүрген мәселелерді талқылаймыз, бұл ретте әлеуметтік желілерде бұрын көтерілген жәйттерге баса назар аударылады. Әрбір өтініш бойынша нақты шешу жолдары тұжырымдалатын болады», – деп атап өтті Бауыржан Байбек.