Сейсенбіде еліміздің үш өңірінде ауа райы бұзылады
Сейсенбіде еліміздің үш өңірінде ауа райы бұзылады
© сурет интернеттен алынды
5,209
оқылды
Сейсенбі күні Қазақстанның үш облысында қар, тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен. «Түнде 11 ақпанда Түркістан облысында кей жерлерде қалың қар күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын 15-20 м/с жел тұрады. Шымкентте түнде 11 ақпанда қалың қар күтіледі. Кейде тұман, көктайғақ күтіледі. Түркістанда түнде 11 ақпанда тұман, көктайғақ күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде. Хабарда айтылғандай, 11 ақпанда Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түседі. «11 ақпанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Көкшетауда 11 ақпанда ертеңгісін және күндіз екпіні 15 м/с оңтүстік-батыстан жел тұрады», - делінген хабарламада. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-95%.