Оқушылардың денсаулығы үшін мұғалімдер вакцина салдыруға міндетті ме?
Оқушылардың денсаулығы үшін мұғалімдер вакцина салдыруға міндетті ме?
306
оқылды

Коронавирусқа қарсы вакцина салдыру 1 наурызда басталды. Бүгін елордадағы №78 мектеп-гимназиясының мұғалімдері ерікті түрде вакцина салдырды. Бұл туралы astana.gov.kz хабарлады.

«Вакцина халықты қауіпті індеттен сақтайды. Біз аурудың алдын алу үшін егілетін вакцина барына қуанамыз. Ақпан айында медицина қызметкерлеріне вакцина салынды. Бүгін кезекті түрде мектеп мұғалімдеріне салудамыз. Бұл вакцинаны қазір саламыз және 21 күннен соң екінші мәрте қайталаймыз. Ең алдымен салудың алдында  қабылдаушыдан сауалнама алып, медициналық қараудан өткіземіз. Сондай-ақ асқыну мен қарсы көрсеткіштерді түсіндіріп өтеміз», – деді «Салауатты Астана» емханасының дәрігері Майкамал Еселбаева.

Дәрігердің айтуынша, бүгін ерікті түрде 30 шақты мұғалім вакцина салдырды. Қабылдағандар өздерін жақсы сезінуде. Ешқандай кері әсері байқалмаған. «Коронавирус – әлемді алаңдатып отырған дерттің бірі. Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептер арасында коронавирусқа қарсы екпе жұмыстары жүріп жатқанын біліп, өз еркіммен салдырдым. Вакцина алған соң өзімді жақсы сезініп тұрмын. Ешқандай өзгеріс байқаған жоқпын. Мектеп мұғалімдері оқушылардың денсаулығын ойлап, қауіпсіздік мақсатында вакцина салдырған дұрыс», – дейді №78 мектеп мұғалімі Гүлиза Сәрсембаева.

Бұған дейін медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер Қайырғали Көнеев «Қазақстанға вакцинаның қажеті жоқ, қаражатты бөліп алу үшін ойлап тапқан» деген болатын.

  https://youtu.be/g-dzBsaEmCY