Абылайхан 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі, 69 келіде жұдырықтасатын Абылайхан Жүсіпов шаңырақ көтеріп, отбасына келін түсірді.
22 жастағы боксшы Индира Рахымберлина есімді арумен бас құраған. Боксшының келіншегі Shamshyraq би ансамбліне жетекшілік етеді екен. Олардың тойлары Қарағанды қаласында өткен.
