Гуілдейді ақ боран бұрқақтаған
Гуілдейді ақ боран бұрқақтаған
827
оқылды
Бүгін Қазақстан аумағының көп бөлігіне Жайықтың үстінде орналасқан циклонның әсерінен  Оңтүстік-батыста жауын-шашын жауып, арты қарға ұласады.  width= Кей жерлерді тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.  width= Жамбыл облысында желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с болады. Кей жерлерде тұман түседі.  width= Павлодар облысында желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с және одан да қатты болуы ықтимал. Ал Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.  width= Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен тіпті Түркістан облысында күндіз боран соғуы ықтимал.  width= Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе облыстарында түнде жел күшейеді.  Ал Батыс Қазақстан облысының кей бөлігінде қалың тұман түседі.  width=