Әріптестік дами түседі
Әріптестік дами түседі
393
оқылды

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Кипрдің Сыртқы істер министрі Никос Христодулидиспен кездесті. Жүздесушілер екіжақты ынтымақтастықты, соның ішінде парламентаралық қатынасты дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

Мәжіліс спикері Кипр – Қазақстан­ның Оңтүстік Еуропадағы маңызды саяси әріптесі екеніне тоқтала келе, еліміз бұл мемлекетпен саяси диалогты, экономикалық және мәдени-гумани­тарлық ынтымақтастықты дамытуға ынталы екенін жеткізді. Нұрлан Нығ­матулин мемлекетіміз өзінің айрықша географиялық жағдайының және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағытының арқасында Еуразия бойынша жаңа көлік-логистикалық хабқа айнал­ғанын атап өтті.

Кипрдің «жасыл» экономика, цифр­лық технология, жаңартылған энергия саласындағы жетістіктерін сөз еткен Н.Нығматулин осы бағытта жан-жақты тәжі­рибе алмаса отырып, парламенттік әріптестікті жаңа деңгейге көтеру кере­гіне тоқталды.

Елімізге алғаш рет келген Кипр Сырт­қы істері министрі Қазақстанның даму қарқынына таңданысын жасыр­мады. Сондай-ақ елдеріміздің өзара іс-қимылы табысты дамып келе жатқанын айта келе, барлық салада екіжақты қа­тынасты нығайтудың, соның ішінде, инвестиция, сауда, энергетика, ауыл ша­руашылығы салаларының әлеуеті зор екеніне назар аудартты.

Тараптар бұл кездесу елдер арасын­дағы өзара ықпалдастықты одан ары күшейтуге және тереңдетуге жол аша­рына сенім білдірді.