Президент оқуға түсудің жаңа тәртібі туралы қаулыға қол қойды
Президент оқуға түсудің жаңа тәртібі туралы қаулыға қол қойды
252
оқылды

Биылдан бастап Өзбекстанның жоғары оқу орындарына құжат тапсыру мен тестілеудің жаңа тәртібі енгізіледі. Ел президенті Шавкат Мирзияев ЖОО-ға құжат тапсырудың жаңа тәртібі туралы қаулыға қол қойды.

Биыл оқуға түсу үшін тапсырылатын тестілеу емтихандары шілде-тамызда өтеді. Емтихан қорытындысы тестілеудің ертесіне жарияланады.

Бұған қоса абитуриенттер бір мезгілде үш ЖОО-ға құжат тапсыра алады. Мектеп бітірген соң ЖОО-ға келер жылы құжат тапсыратындардан ең төменгі жалақы мөлшерінің жартысы көлемінде арнайы алым алынады. Бұл шамамен, 101 365 сум немесе 12 АҚШ доллары.

Жаңа қаулыға сәйкес, 2020 жылы өзбек абитуриенттері қазіргідей үш   емес, бес пәннен тест тапсырады.