Алматыда коронавирус дертін жұқтырған екі науқас көз жұмды

Алматыда коронавирус дертін жұқтырған екі науқас көз жұмды
Алматыда коронавирус дертін жұқтырған екі науқас көз жұмды

Қазақстан Руспубликасының Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус бойынша 19 сәуірдің 23:10 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады. ⠀ Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 35 адам тіркелді, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Қызылорда облысында - 1, Батыс Қазақстан облысында - 16, Алматы облысында - 3, Шымкент қаласында - 5, Түркістан облысында - 3, Алматы қаласында - 6. Алматы қаласында коронавирус індетінен екі науқас көз жұмды. Бүгінге дейін ел бойынша 19 азамат ажал құшты. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 372 адам, Алматы қаласында – 524 адам, Қарағанды облысында - 93 адам, Ақмола облысында - 82 адам, Атырау облысында - 80 адам, Жамбыл облысында - 61 адам, Шымкент қаласында - 67 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 44 адам, Ақтөбе облысында - 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам, Павлодар облысында - 26 адам, Маңғыстау облысында - 12 адам, Қызылорда облысында - 148 адам, Батыс Қазақстан облысында - 62 адам, Түркістан облысында - 60 адам, Қостанай облысында - 15 адам, жалпы 1711 науқас тіркелді.