Әнші Әйгерім Қалаубаева қызын әлеуметтік желі арқылы туған күнімен құттықтады. Өнер иесі жазбасында қызына ақыл айтып, сыпайылық пен көркем мінездің маңызын атап өтті.
«Есіңде сақта, қызым! Ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады. Ақыл адамды азаптан да, мазақтан да құтқарады», – деп жазды әнші.
Сондай-ақ ол күнделікті өмірде «Сәлеметсіз бе!», «Кешіріңіз!», «Рақмет!», «Сау болыңыз!», «Рұқсат па?» секілді сөздерді орнымен қолдану керектігін жеткізді. Әншінің айтуынша, амандаса білу, әсірелеп сөйлемеу, кешірімді әрі сыпайы болу – қыз баласының болмысына тән қасиеттер.
Желі қолданушылары да құттықтауға қосылып, жылы лебіздерін жазып жатыр.