«Парламент сөзі» байқауы жарияланды
«Парламент сөзі»  байқауы жарияланды
353
оқылды

Мәжіліс бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған жыл сайынғы дәстүрлі байқауын жариялады. Парламент Мәжілісінің заң шығару қызметін үздік насихаттаған журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына үміткерлер­ден өтінім қабылдау басталды.

Бұл арнаулы парламенттік сыйлық 2016 жылы палата спи­кері Нұрлан Нығма­ту­лин­нің тө­рағалығымен өткен Мәжіліс бюросының шешімі бойынша тағайындалған болатын. Биыл осы­мен үшінші рет тапсы­рылады.

Атаулы сыйлыққа Мәжі­лістің заң шығарушылық қыз­меті жайында 2018 жылдың 3 қыр­күйегінен 2019 жылдың 15 мау­сы­мы аралығында жа­зылған және жарық көрген материалдар қабылданады.

Жеңімпаздар алты ата­лым − Мәжілістің қызметі туралы үздік телевизиялық, мерзімдік баспа­сөз, интернет және ра­дио­ма­те­риалдар, со­нымен бірге, фото және бей­нема­те­риалдар номи­на­ция­ла­ры бо­йынша анықта­лады. Бұ­ған қоса, Қазақстан­ның парла­мент­тік жур­на­лис­ти­касы­ның дамуына үлес қосқан май­тал­ман журналис­тердің еңбегі де жеке аталым бо­йын­ша еленіп, олар мара­патқа ие болмақ.

Өтінімдер 2019 жылдың 17 мау­сымына дейін қабыл­да­нады.

Жеңімпаздар «Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні» мерекесі қарсаңында жарияланады.

Өтінімдер мен материал­дар­ды «Парламент сөзі» сый­лы­ғын тағайындау жөніндегі ко­миссияның жұмыс органы­­на – Мәжілістің баспасөз қызметіне, «000001, Нұр-Сұл­тан қаласы, Мәңгілік ел даң­ғылы, 4, Қазақстан Парламен­тінің Мәжілісі» мекенжайына немесе smimazh@parlam.kz электронды поштасына жолдау қажет.

Қосымша ақпаратты Мә­жілістің ресми сайтынан алуға болады.